» » Тоғыз жасар қыз бір жылда 100 кітап оқып шыққан

Тоғыз жасар қыз бір жылда 100 кітап оқып шыққан

9 жастағы Алима Шарыпқан бір кітапты үш-төрт күнде оқып тастайды екен. Қажет десеңіз кітаптағы хикаяның желісін жатқа айтып береді.

Оның кітап оқуға деген құштарлығын әжесі оятқан. Осының арқасында ол озат оқушы атанды. Тіпті, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырған «Кітап оқу көшбасшысы» сайысының жеңімпазы болды.
Кітап оқуды апам үйретті. Жатарда ылғи «Жеті лақ» ертегісін оқып беретін. Апам әрқашан маған «Көп кітап оқысаң, әке-шешең секілді мектепті кілең бестікке бітіресің. Сосын университеттен қызыл диплом алып шығасың» дейтін. Ең бірінші «Түймедақ» ертегісін оқыдым. Өзіме қатты ұнады, – дейді Алима.
Алима – Өскемендегі Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 3А сынып оқушысы. Оның әкесі көлік жөндеумен айналысады, ал анасы инженер болып жұмыс істейді. Үйде ата-әжесінің тәрбиесінде жүрген ол кітап оқуды күн сайынғы әдетіне айналдырған. Ол тек қазақ тілінде емес, орысша да, ағылшынша да кітаптарды оқиды. Алима жыл бойына 100 кітап оқып тастаған. Себебі ол әділқазылар алқасының әр туынды жайлы сұрақтарына еш кідірместен жауап берген. Сөйтіп, бірауыздан Алима жеңімпаз атанған.
Қызығы Алима тұсауын кескенде алдындағы көп заттың ішінен кітапты таңдап алыпты. Енді міне, қолынан кітап түспейді.

BAQ.KZ
04 қаңтар 2022 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930