» » Елімізде жаңа мұнай кен орны табылды

Елімізде жаңа мұнай кен орны табылды

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай кені табылды. Нәтижесінде шығарылатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өзен кен орыны

Көмірсутек қорының өсімі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етпек.
2017 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС және "Ақтау қаласындағы ҚМГ Инжиниринг" филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашы болған. Бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдары жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізіліп, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалған (7 500-ден астам). Геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралып, геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа мұнай шоғыры табылды. Жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8%-ға ұлғайды. Бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр.
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутектің нақтыланған көлемін өз балансына 2021 жылдың соңында қабылдады.
Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау үшін кен орнын игеру жобасына түзету енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
31 қаңтар 2022 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930