» » Қызылордада мұнайшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қызылордада мұнайшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті


Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен және қазақстандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығымен құттықтады.
Аймақ басшысы «Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы - Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады»,- деп атап өтті.
"Қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік - Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу де қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған", - дей келе аймақ басшысы облыстың ірі компанияларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, мұнай саласының құрметті ардагері, Қазақстанның «Еңбек ері» Ұзақбай Қарабалин сала қызметкерлерін құттықтады.
29 тамыз 2019 ж. 1 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031