» » Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Сенатор Нариман Төреғалиев өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Спикер ұсынған деректерге сәйкес, жыл сайын елімізде 1 500-ге жуық адам өндірісте жарақат алады, оның ішінде 200-ден астам жұмысшы қайтыс болады, ал 600 адам еңбек жарақаттары мен кәсіби аурулар салдарынан мүгедектік алады.
«2020 жылы жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 1,6 млн жұмыскердің 22%-ы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіні анықталды. Нәтижесінде жыл сайын 500-ге жуық адамда кәсіптік аурулардың алғашқы белгілері тіркеледі. Бұдан басқа, 2020-2021 жылдары еңбек инспекторлары анықтаған 11 мыңнан астам бұзушылықтардың 34%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында тіркелген», деді Нариман Төреғалиев палатаның жалпы отырысында.
Қазіргі уақытта елімізде жұмыс істеп тұрған 300 мыңға жуық кәсіпорын бар. Алайда, олар бойынша мемлекеттік бақылауды тек 237 еңбек инспекторы жүргізеді. Инспекторлардың мұндай жетіспеушілігіне байланысты жыл сайын ұйымдар мен кәсіпорындардың тек 3%-ын тексерулермен қамту мүмкін болып отыр. Бұл, сенатор түсіндіріп өткендей, құзыретті органдар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алумен күреспейді, тек постфактум жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инспекторлар жоспарлы тексеру жүргізу туралы 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуге міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін халықаралық еңбек ұйымының нормалары бойынша инспекторлар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге де құқылы болуы тиіс.
«Кәсіпкерлік кодексте көзделген еңбек инспекторларының қызметін шектеу туралы нормаларды Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сәйкес келтіру маңызды деп санаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының санын арттыру мәселесін пысықтау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар фактісі туралы уақтылы хабарламағаны үшін жұмыс берушінің әкімшілік жауапкершілігін күшейту мәселесін қарау қажет», деді сенатор.
Депутат сенаторлардың бастамасы бойынша қазір еліміздің Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеуге дайындалып жатқанын атап өтті.




27 қаңтар 2022 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031