» » Қайырым қылсаң, қайырын көресің

Қайырым қылсаң, қайырын көресің

Кент тұрғынымын. Зейнеттік демалыстағы ардагер анамын. Жақында немерем ауырып, аудандық орталық ауруханаға түстім. Кешегі оқыс оқиға кезінде Жосалыда бірнеше пойыз тұрып қалды. Сонда кішкентай баласы ауырып біздің ауруханаға түскен атыраулық келіншек жатқан палатаға орналастырды.
Аллаға шүкір, адам басына күн туғанда қазағымыз бір-біріне қатты көмектесетініне көзіміз жетіп жатыр. Тоқтап қалған пойыздағы жолаушыларға Жосалының бар халқы тік тұрып, көмекке асықты. Екі қазан ыстық тамақ, ақша, киім-кешекпен барынша көмектесіп, әр ұлттан құралған жолаушылардың алғыстарына ие болды. Әлгі келіншек емін толық алып, ауы лына қайтты. Сол жерде барлығымыз жиылып, жолына тамақ, баласына киім, жөргек, ойыншық, әркім бар ақшасын беріп шығарып салдық. Бүгін хабар келді. Аман-сау үйіне жетіпті, біз әлі ауруханадамыз. Үйіне барып, анасымен қосылып рақметін жаудыруда. Осыдан-ақ қазақ халқының шын мәнінде өте кішіпейіл, иманжүзді, қарапайым екенін, жандары ашып қол созуға асығатынына тағы бір рет көз жеткіздік. Жанымыздан үйіне ерте шыққан екі келіншек арнайы ыстық тамағын әкеліп, қала берді бәрімізге келген асты ортақтасып ішіп, бір үйдің адамындай болып, кетерде жылап қоштастық. – «Үйден қырық қадам шыққан адам мүсәпір» деген осы шығар. Танымайтын ортада бәрі жылы көңілмен туғанындай қарсы алған бір мәртебе екен, – деді атыраулық Камшат қызымыз қуаныштан көзіне жас алып. Иә, әрдайым осы қайырымды қалпымыздан айырылмайық. Себебі оның қайыры бар.

Айткүл НӘЖМАДИНҚЫЗЫ
18 қаңтар 2022 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 148
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031