» » Шойын жолдағы қызмет

Шойын жолдағы қызмет

5 қаңтар. Сағат шамамен 15.26. Жүрісі жүйрік жүрдек пойыз шойын жолды сілкіп, қою қара бұлтты қақ жарып келеді. Тарстұрс еткен ұстаның балғасындай вагон доңғалағы бір-біріне түйіспес қос рельстің апшысын қуырады. Жаңа ғана азан-қазан болған вагон іші «үһ» етті. Өлі тыныштық орнады.
№42 Алматы-Атырау пойызы Қармақшыға тіреле тоқтады. Самарқау күйге түскен жолаушылар енді ғана улап-шулағандай «не болды?» десті. Бәрінде бар бір «үһ». Ол себепсіз де емес. «Қасіретті қаңтар» атауымен елдің есінде қалар оқиғаның орын алар тұсы. Аһ ұрған көпшіліктің ойы дөп түсіп, по йыз ауданда 00.28-ге дейін аялдап қалды. 8 сағат уақыт. Интернет жоқ, байланыс әлсіз. Осы уақыт аралығында жерлестер үнсіз қалмады. 645 жолаушыға Жосалы Теміржол станциясының қызметкерлері 2 қазан ыстық тамақ пісіріп таратады. Ал аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тамақ, нан, су жеткізіледі. Сағат тілі 20.00-ге қараған уақытта ауданның еріктілері мен жастары, мешіт жамағаты, кәсіпкерлердің қолдауымен қазан-қазан палау басып, шай қайнатып, пойыздағы балаларға сүттерін, бір реттік жаялықтарын, су, нандарын жеткізіп тұрады. Жаяу жүрген жігіттер тамақ тасыса, көлігі барлар Сексеуіл, Арал, Қазалы тұр ғындарын жолай өтіп бара жатқан көліктерге мінгізіп, тегін тасымалдайды. Ел басына күн туғанда сауапты істен құр қалмаған жерлестерге жолаушылар да алғаусыз алғысын айтты. Олар осы бір ғана іспен күштің бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдей алды.

Айнұр ӘЛИ
18 қаңтар 2022 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 387

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930