» » Утилизация: көлік бағасы төмендей ме?

Утилизация: көлік бағасы төмендей ме?

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МӘЖІЛІСТЕГІ МӘЛІМДЕМЕСІНДЕ ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗЕТІН БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ КӨТЕРГЕН-ДІ. СОНЫҢ БІРІ - КӘДЕГЕ ЖАРАТУ АЛЫМЫН ТОҚТАТУ. БҰЛ КӨТЕРІП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕ БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ ҚОҒАМ МЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСІП КЕЛГЕНІ РАС. ОҒАН ҚАРСЫ ПІКІРЛЕР АЙТЫЛЫП, ТІПТІ АРНАЙЫ ҚОЗҒАЛЫС ТА ҚҰРЫЛДЫ. ЯҒНИ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІ БҰЛ МӘСЕЛЕДЕ ЕКІ НӘРСЕГЕ ҚАРСЫ ЕКЕНІН БІЛДІРУДЕ.
Бірінші мәселе, алымның бағасы шарықтап кетуінен сырттан келетін көліктің бағасы да қымбаттаған. Ал елдегі көлік паркі ескіруде. 2021 жылдың есебі бойынша, көлік паркінің 63,7%-ы 10 жылдан астам уақыт жүрген ескі көліктер. Екінші мәселеде алынған алым жекеменшік компанияның қалтасына кетіп жатыр деп алаңдаушылық білдіруде. Нақтылап айтсақ, Қазақстанда 2016 жылдан бері сырттан әкелінген көлікке утилизациялық алым алынып отырған. Яғни оның құны көліктің қозғалтқышына қарай 459 450 теңгеден бастап, 14 млн теңгеге дейін жеткен. Жыл сайын күнкөріс мөлшеріне қарай өзгеріп, осылайша өсіп отырған. Сонымен қатар елдегі утилизациялық алым жеңіл көлігін тіркетемін дегендерден 3,5 миллион теңгеге дейін төлеуді талап етсе, жүк көліктерінен 6 миллион теңгеге дейін талап еткен. Халық мұны тым қымбатқа есептеп, «Утилизация алымына жол жоқ» деп қозғалыс құрып, утильалымға қарсы петиция жариялаған-ды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов елдегі утилизациялық алымның өзге елдермен салыстырғанда мөлшері сай екенін айтты. «Біздегі алым мөлшерін Ресей, Өзбекстан, Беларусь секілді көрші елдермен салыстырсақ 1000-нан 2000 куб сантиметр көліктің алымы млн теңгеден сәл төмен екенін көруге болады. Ол өзге елдермен деңгейлес, тіпті біраз төмен. Бұл жерде бізде градацияның жоқ екенін атап өткен жөн» деді ол. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың утилизация бойынша берген тапсырмасы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе еді. Ол мәлімдемесінде кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақты туындатып отырғанын және Үкіметке «Оператор РОП»-тың утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды. Алдағы уақытта алымның ставкасы қайта қаралатын болады. Ел қарсы болып жүрген әлгі компания 2015 жылы құрылған. 2016 жылдан бастап елде көлікті импорттау үшін утиль алымы алынып отырған. 2020 жылдың басындағы дерекке сүйенсек, үш жылда «Оператор РОП» ЖШС шотына 220 млрд теңге түскен. Оның ішінде ең көп қаржы – 75 млрд теңге автокөлік өндірісін ынталандыруға жұмсалған. Азаматтық белсенді, кәсіпкер, утилизациялық алымдарға қарсы қозғалыс көшбасшыларының бірі Нұриддин Садықов мәселеге қатысты пікірінде басқа санаттарда утильалымды азайтумен қатар, аграрлық сектордағы және жүк көліктеріне қатысты төлемді мүлдем алып тастау керектігін жеткізді. – Алымды 6 есеге азайтып немесе мүлдем алып тастау керек. Себебі соңғы саяси оқиғаларға ықпал болған азық-түліктің қымбаттауына сонымен қатар агро сектордағы техника бағасы әсер етті. Сол үшін аталған саладағы утильалымын жүктемеу керек. Елімізде утильалымын енгізудегі мақсат – отандық өндірушілерді қолдау болғанымен бізде әлі күнге жүк көліктері құрастырылмайды, – деді ол. Сонымен қатар қоғам белсендісі алымның төмендеуі көлік бағасының арзандауына оң әсер беретінін, алайда бағаның қолжетімді болуы үшін көлікті алғашқы тіркеу мәселесінеде назар аудару керегін айтты. Иә, бұл бағытта мәселе қозғалды. Алдағы уақытта оң өзгеріс болатыны да сөзсіз.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
18 қаңтар 2022 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031