» » ДДСҰ "омикрон" штамының кімдер үшін қауіпті екенін айтты

ДДСҰ "омикрон" штамының кімдер үшін қауіпті екенін айтты

Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтыру қарт адамдар мен вакцина алмаған азаматтар үшін қауіпті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары мәлімдеді. Қазіргі уақытта жаңа штамды жұқтырғандар арасында егде жастағы адамдардың өлім деңгейінің артқаны байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

омикрон

Жаңа штамды жұқтырып, қаза тапқандардың көпшілігінде иммунитет әлсіз және созылмалы аурулары болған. Ал вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді. ДДСҰ мамандары омикронның дельта штамымен салыстырғанда қауіп деңгейі төмен болғанымен, жеңіл қабылдауға болмайтынын айтады.
“Омикрон жұқтырғандар арасында жеңіл өткенімен, оның қауіпті вирус екенін ұмытпауымыз керек. Әсіресе вакцина алмағандар үшін. Вируспен қатар өмір сүру өлім деңгейінің көптігіне көз жұмып қарау дегенді білдірмейді. Бұл инфекцияның таралуына жол бермеуіміз керек", – деді ДДСҰ директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігер "омикронды" балалардың қиын өткеретінін айтқан еді. 
13 қаңтар 2022 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031