» » Жаңа жылдық мерекелерде медицина ұйымдары қалай жұмыс істейді?

Жаңа жылдық мерекелерде медицина ұйымдары қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов алдағы жаңа жылдық мерекелерде медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Азаматтарға медициналық ұйымдардың алдағы жаңа жылдық мерекелерде қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат бергім келеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында мереке күндері халыққа медициналық көмекті кезекші дәрігерлер көрсететін болады», деді Тимур Мұратов.
МСАК ұйымдарында пациенттерді қабылдау 1 қаңтар мен 4 қаңтар және 7 қаңтар аралығында сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылатыны атап өтілді.
«Жалпы практика дәрігерлері ғана кезекшілікте болады, мерекелерде басқа мамандарға жүгіну мүмкін болмайды. Сондай-ақ, сүзгі-кабинеттер, амбулаториялық пациенттерге үйге баруды жүзеге асыратын мобильді бригадалар үздіксіз жұмысты жалғастырады, ПТР әдісімен тестілеуді өткізу тоқтатылмайды. Сүзгі-кабинеттерде кезекші дәрігерлер кесте бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейтін болады. Амбулаториялық науқастарға 8:00-ден 16:00-ге дейін қызмет көрсетілетін болады», деп нақтылады Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, қалалық стационарлар азаматтарды тәулік бойы қабылдауды жалғастыруда.
«Әрине, мерекелік демалыс күндерін ескере отырып, барлық елордалық ауруханалар резервтік бейінді палаталар бөле отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Айта кетейін, жедел және консультациялық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті жоғары білікті мамандар ұсынатын болады. 103 қызметі де өтініштерді қабылдау және қала тұрғындарының шақыруларына қызмет көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпайды», деп қосты Тимур Мұратов.




29 желтоқсан 2021 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930