» » Мобильді бригадалардың қызметтерін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландыруда

Мобильді бригадалардың қызметтерін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландыруда


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа жедел-жәрдем қызметтері туралы айтылды, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.
«Мобильдік бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді, сондай-ақ диагноз қою үшін медициналық тексеру жүргізеді. Халық үшін бұл қызмет тегін болады. Оны емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді», деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
«Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі», – деп түсіндірді Б.Исмаханбетов.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылады. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.
07 шілде 2020 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031