» » ӘМСҚ медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алуға болатындығын түсіндірді

ӘМСҚ медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алуға болатындығын түсіндірді


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры карантиндік шараларға байланысты қазіргі шектеулерді ескере отырып, азаматтарға медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алу керектігін түсіндірді.

Тар бейінді мамандардың кеңестері, телемедицина арқылы консультациялар, сондай-ақ рентгендік суретті қайта оқу, электрокардиограммаларды декодтау енді қашықтықтан қабылдау кезінде де қолжетімді.
Бұрын қашықтықтан кеңес беру созылмалы аурулары бар науқастарды (учаскелік жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр) динамикалық бақылау кезінде қолданылған. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері 2020 жылғы 17 шілдеден бастап күшіне енген Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте (129-бап) айқындалған.
Заманауи технологиялар мен әртүрлі байланыс арналарының арқасында медициналық ұйымдар пациенттерге қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Алдағы уақытта қашықтықтан көрсетілетін қызметтер тізімі кеңейтілетін болады.

Дәрігердің онлайн-кеңесін қалай алуға болады?

1.Өз емханаңыздың Call-орталығы арқылы немесе басқа байланыс арналары, мобильді қосымшалар арқылы дәрігердің кеңесіне жазылу (бар болса).
2.Кеңес беру күні мен уақытын таңдаңыз. Сонымен қатар, тар маманның қабылдауына жазылу үшін алдымен учаскелік дәрігерден жолдама алу керек, яғни ең алдымен терапевтке/ЖПД-ға қабылдау үшін өтініш беру керек.
3. Таңдалған байланыс арнасы арқылы маманнан белгіленген уақытта қоңырау (аудио немесе видео) күтіңіз.
«Дәрігерден кеңес алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Ол науқас қай жерде болмасын, қашықтықтан қолжетімді. Бұл жағдайда дәрігер дәрі-дәрмектерге рецепт жаза алады. Аурухана парақтарын, зертханалық зерттеулердің тексерулердің нәтижелерін көруге болады. Яғни, осы қызметтерді алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ», – деп ӘМСҚ-да атап өтілді.
Қорда түсіндірілгендей, қашықтықтан медициналық қызметтер диагностика, емдеу, медициналық оңалту және аурулар мен жарақаттардың алдын-алу, сандық технологиялар көмегімен зерттеулер мен бағалау үшін ұсынылады.
Бұл ретте учаскелік дәрігердің қашықтықтан кеңес беруі МСАК медициналық ұйымдарына жан басына шаққандағы норматив төлемі шеңберінде ТМККК тізбесіне, ал нақты көрсетілген қызметтер үшін (ТМККК бойынша қызмет көрсетілетін созылмалы, әлеуметтік мәні бар және инфекциялық аурулардан басқа) МӘМС шеңберінде тар бейінді мамандардың консультациялары кіреді.
Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі


19 тамыз 2020 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031