» » Қимылдаған қыр асады

Қимылдаған қыр асады



Ауданға іргесі тиген Ақтөбе ауылында бүгінде кәсіптің көкжиегі дамыған. Мұнда атбасын тіресеңіз кәсібінің көзін тауып, тындырымды тірлік етіп отырған отбасыларды жолықтырасыз. Ауыл тұрғыны Нұрлан Шынарбаев ауылдастарына нәтижелі істің үлгісін көрсетуде. Ол ауласының бір бұрышынан шағын етіп қоғамдық монша ашып, халыққа қызмет істеп отыр. Қазіргі күні ауыл тұрғындары үшін аса қажет әлеуметтік нысанға айналған.
Аптаның аяғы келді дегенше Нұрекеңнің ұялы телефонына қоңырау шалушылардың қатары былайғы күндегіден асып жығылады. Себебі мұндағылар ертемен моншаға түсуге жазылып қояды. Ауыл орталығындағы моншаның қызметі әлдеқашан тоқтап қалса да кәсіпкер бүгінгі таңда жұмысын қайта жалғастыруда.
– Бұрын ауылымызда монша халыққа жұмыс жасайтын. Кейін оның қызметі тоқтап қалды. Бертін келе соның ізін қайта жандандырсам деген ой келді. Сөйтіп екі-үш жыл бұрын жоспар құрып, өз қаражатыммен іргетасын тұрғыздым. Қалған жабдықтарға ақшам жетпеген соң мемлекет қолдауымен 6 процент жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. 3 миллионға жуық теңгенің жобасында қаржы құйылып, күзде моншаны іске қостық. Қазір шүкір ауыл тұрғындары үйреністі, алдын ала тапсырыс берушілердің қатары көбейіп келеді. Сенбі, жексенбі күндерінен бөлек 5-6 адам хабарласып жатса монша жаға беремін. Ақысы қолжетімді, – дейді кәсіпкер.
«Жақсыны көрмекке» демекші, жаңа үлгідегі моншаның ішін көруге бізде бас сұқтық. Бөлмелері кең, жарық әрі түсем деушілерге жағдай жасалған. Жуынатын бөлмеден бөлек отырып демалатын дәлізі тағы бар. Ішінде санитарлық тазалыққа аса мән берілген. Сайып келгенде қаладағы қоғамдық моншадан кем түспейді. Өз қолыңмен тірлік істесең тамағың тоқ болары сөзсіз. Қашанда еңбек еткен адамның еңсесі биік, ісі мығым болады. Істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп жатқандардың жоспары мен алға қойған мақсаты айқын. Одан бөлек еңбектену – береке, ырзықты шақырады.
Нұрлан Қаппарұлы алдағы уақытта бие сауып, жылқы санын көбейтуді де көздеп отыр. Ауыл тұрғындарына саумал ұсынып, дертке ем болар шипа тапсам дейді ол сөзін түйіндей.
 Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
28 желтоқсан 2021 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031