» » Жаңа жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқартылады

Жаңа жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқартылады



Келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер қысқартыла бастайды. Министрліктер мен ведомстволардың штат саны 10 пайызға қысқарады. Оларды қысқарту алдағы екі жыл ішінде жүргізіледі. Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің штаттарында шектеулер өзгереді. Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Әкімдіктерде қысқарту жүргізіледі. Оның ішінде облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары бар. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлайды.
Министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмыстан босатылатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік аппаратты оңтайландыру туралы айтқан болатын. Мемлекеттік қызметкерлер санын 25 пайызға қысқарту жоспарланған еді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашеваның пікірінше, ең үздік жұмысшыларды жетекшілер алып қалуды жоспарлап отыр.
“Жақында біз ішкі істер министрлігінің есебін тыңдадық. Олар іс жүзінде ешкімді жұмыстан босатпағанын және қысқарту бос орындар есебінен жүргізілгенін айтты. Менің ойымша, мемлекеттік қызмет жүйесінде де олардың барлығы осылай болады”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.


24 желтоқсан 2021 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031