» » Мемқызметшілерді қысқарту: Қай санаттағы азаматтар жұмыстан шығарылмайды?

Мемқызметшілерді қысқарту: Қай санаттағы азаматтар жұмыстан шығарылмайды?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова жұмыстан қысқарып қалмайтын мемлекеттік қызметшілердің санатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік тұрғыда әлсіз және қысқаруға жататын мемлекеттік қызметшілердің қорғалуын қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан аяғы ауыр әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, жалғызбасты аналар, бала тәрбиелеп отырған басқа да адамдар, сонымен бірге зейнет жасына 2 жыл уақыт қалған адамдар қысқартылмайды», - деді Анар Жайылғанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда аталған құқықтарының қорғалуына бақылау жүргізіледі. «Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес мемлекеттік қызметте үш жылдық өтілі бар адамдарға жұмыстан шығарда орташа айлықтың төрт еселенген мөлшері беріледі. Бұл норма тәжірибелі қызметкерлерді жүйеде қалдыруға ынталандыруға бағытталған», - деді спикер. Анар Жайылғанова мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыстан қысқарту кезінде әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарды алып қалуға кеңес берілетінін жеткізді.


18 қыркүйек 2020 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031