» » Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді 25 пайызға қысқартуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді 25 пайызға қысқартуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жолдау барысында Президент ықшам мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті.

"Үлкен көрсеткіштері мен индикаторлары бар мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтату керек. Барлық тұрғынға түсінікті ықшам ұлттық жобаларға көшетін сәт келді. Күрделі өзгерістер мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарауды қажет етеді. Мұнда реформаны жоспарлау мен жүзеге асыру синергиясы маңызды мағынаға ие", деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шенеуніктерді биыл 10, келесі жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырды.

"Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады", деді ол.



01 қыркүйек 2020 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 762
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930