Өр тұлға

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам бастық. Тарихты қашанда тұлғалар жасайтыны белгілі. Әлемдегі әр халықтың өз дәуірлеу тарихы болса, сол кезеңде басшылық еткен тұлғаның да істеген ісі мен ізі қалады. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дүниежүзілік картада өз орнын қалыптастырды. Мемлекетті қалыптастырудағы, экономикамызды дамытудағы, Қазақстанды әлемге танытып мойындатудағы, ел бірлігі – тұтастықты орнықтырып сақтаудағы, Астананы көшіріп, қала салудағы Елбасының рөлін тарихтың еншісінен ешкім бөліп ала алмайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет құруда, ел билеуде ілгергі бабаларымыз мирас етіп кеткен сара жолдан таймай, олардың тәжірибесін, дәстүрін пайдалана білді. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек». Әрбір қазақстандық азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы өзін құрметтейді, ұрпағының болашағын баянды етеді, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға үлес қосады.
Кітапханашылар қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын болашақ ұрпақтың санасына қалдыруға күш салудамыз. Бізге келген әр оқырманға Отанын сүюге, туған халқына адал болуға, тарихын білуге, өзінің дамуына, рухани бай болуына, өзінің перзенттік парызын лайықты атқаруына жетелегіміз келеді.
Әр сала бойынша кітап көрмелері арқылы оқырмандарымыздың білімін, ой-өрісін байытуға, рухын көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштыру тікелей парызымыз. Осы мерекеге орай «Елдігіміздің өр тұлғасы – Елбасы» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды: «Ел тірегі, ел сенері – Елбасы», «Елін әлемге танытқан», «Елбасы және ел тәуелсіздігі».
Көрмеге барлығы 50 шақты кітап, фотосуреттер мен дәйек сөздер, Н.Назарбаевтың ел мүддесі жолындағы кітаптары мен мақалалары, қанатты, нақыл сөздері, ойлары, өмірбаяны, фотоальбомдары қойылды. Көрме кітап қорына жаңадан келіп түскен Елбасы Н.Назарбаевтың жаңа кітаптарымен толықтырылды. Кітапхана қорында, ел тәуелсіздігі тұсында елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен қаламгер жазушылар, журналистердің Елбасымыздың ел тәуелсіздігінің елең-алаң кезеңінен бастап, күні бүгінге дейінгі тарихымыз туралы жазған кітаптары мен мақалалары да бар.
Л.СЫЗДЫҚОВА,
аудандық кітапхананың меңгерушісі
16 желтоқсан 2021 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930