» » » Рәміздер алаңы ашылды

Рәміздер алаңы ашылды

БЕЙСЕНБІ КҮНІ ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНҒА АТБАСЫН ТІРЕДІ. АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЛДЫМЕН ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ АЛАҢНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ.
Орталық алаңның құрылысын «Жаңажол» ЖШС жеке қаражат есебінен жүргізген. Жоба құны 250 млн теңгені құрайды. Бұл жерде арка, стелла, су бұрқақ, балаларға арналған ойын және спорт алаңы, сауда дүңгіршегі орналасқан. Мұнан соң облыс әкімі аудан орталығында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңының ашылу рәсіміне арнайы келіп, тұрғындарға құттықтау лебізін жеткізді.
– Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деп Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баса айтқан болатын. Сондықтан бүгін киелі Қармақшы жерінде көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер алаңы» ашылып отыр. Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін, – деді аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту болып, ашылу рәсімі Конституция күнімен тұспа-тұс келген нысан – аудан халқына үлкен сый. Салтанатты жиында Мемлекеттік Гимн орындалып, татулық пен бейбіт өмірдің бейнесі болған Мемлекеттік Ту көкке көтерілді.
Мұнан соң аудан ардагерлерінің атынан ауданның Құрметті азаматы Есет Камаладинұлына сөз берілді.
– Рәміздер алаңының ашылуы жастардың Отанға деген патриоттық сезімін одан әрі нығайтады. Алдағы уақытта жас полиция қызметкерлерінің анты осы жерде қабылданбақ. Бұл нысан – жас сарбаздарды әскерге аттандыратын, жас жұбайлар келіп тағзым ететін орынға айналмақ. Аудандық ішкі істер бөлімі мен ардагерлер кеңесі мүшелері өзара кеңесе отырып, осы рәміздер алаңын өз қамқорлығымызға алғалы отырмыз. Осы алаңды көгалдандыруға да белсене атсалысамыз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тұтастығының кепілі. Сондықтан да рәмізге деген құрмет арта берсін, – деді аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрағасы Есет Назарқұлов.
Салтанатты шара соңы патриоттық ән мен жырға ұласты. Аймақ басшысы жиында өнер көрсеткен, халықаралық және республикалық жыршылар байқауларының жүлдегері, Елбасы қолынан домбыра алған жас өнерпаз Арай Оңғарқызына сый-сияпат жасады.
Айта кеткен жөн, рәміздер алаңының құрылысын жүргізген бас мердігер мекеме – «SILK ROAD CONSTRUCTION» ЖШС. Алаңның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, тамыз айында пайдалануға беріліп отыр.
Шараға келген қонақтар рәміз­дердің көркіне ерекше ықыластарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Әрі жастардың патриоттық тұрғыда тәрбиеленіп, отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне негіз болар дүние жасалғандығына, бой сергітіп, демалар орындардың қатары көбейгеніне қуанды. Халқымыздың қасиетін бейнелейтін мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тарту болған бұл нысан аудан көркіне көрік қосып, өркениетімізді айшықтап тұр.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)

28 тамыз 2021 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 196

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930