Құрылтай
» » Қармақшыда Рәміздер алаңы ашылды

Қармақшыда Рәміздер алаңы ашылды

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды.
Облыс әкімі аудан орталығында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңының ашылу рәсіміне қатысып, тұрғындарға құттықтау лебізін жеткізді.
- Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» – деп Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баса айтқан болатын. Сондықтан, бүгін киелі Қармақшы жерінде көк байрағымызды биікке көтеріп, «Мемлекеттік Рәміздер алаңы» ашылып отыр. Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Аймақ басшысы салтанатты шарада өнер көрсеткен, халықаралық және республикалық жыршылар байқауларының жүлдегері, Елбасы қолынан домбыра алған жас өнерпаз Арай Оңғарқызына сый сияпат жасады.
Айта кетейік, Рәміздер алаңының құрылысын жүргізген бас мердігер мекеме «SILK ROAD CONSTRUCTION» ЖШС. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, тамыз айында пайдалануға берілді.
27 тамыз 2021 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31