Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

Республика азаматтары өздерінің мәдени және ұлттық бірегейлігін тәуелсіз мемлекетіміздің болашағымен байланыстыру арқылы ғана жасампаздық жолына түсе алады. Осындай саяси-әлеуметтік үдеріс қана Қазақстандағы саяси-әлеуметтілік орнықтылықтың, этносаралық келісімнің тереңдеуіне себепкер болады. Қазақстан өзінің тәуелсіздік мәртебесіне қол жеткізген кезеңнен бері әртүрлі кикілжіңдерден, қақтығыстар мен тартыстардан аман. Мен, өз тарапымнан, ондай теріс бағдарлы үрдістерден қорғап келе жатқан рухани күшіміз халқымыздың бірлікке деген ұмтылысында жатыр дер едім. Мемлекеттік басқару мен қоғамның құндылықтық бағдарлары осы нысандардан таймаса ғана әлем мемлекеттері арасында тұғырымыз биік болады. Ал енді, тарихтың доңғалағын кері бұрып, одан басқа соқпақтарға түсіруге тырысқан әрекеттеріміз түп негізінде өзімізге де, өзгелерге де тиімді емес, әрі әрбір азаматтың жеке өміріне де нұқсан келтіреді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, біздің тәуелсіздік жылдарындағы тапқан басты пайдамыз ұлттық және азаматтық бірегейлікке ие болуымыз.
Дастан БУХАНОВ,
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық мәслихат депутаты