» » Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын тарихтың әр бетінен көргендейміз

Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын тарихтың әр бетінен көргендейміз

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырып, ұлтымыздың тарихын тереңнен толғап, құнды ойларымен жылы әсерге бөлеп, бабалардың ізі қалған көне дәуірлерге қайта бір зер салуға мүмкіндік туғызғандай әсерде болдым.
Адамзат баласы дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның әрбір кезеңі тағылымды шежіре екендігі белгілі. Кешегінің ізі тарих үшін мол мұра. Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын тарихтың әр бетінен көргендейміз. Талай жұрт алапат соғыстар мен арпалысқан айқастарда үдере көшті. Тәуелсіздікке барар қиын жолдардағы сансыз көп шайқастар мен көтерілістерде қаншама қаһарман бабаларымыз шейіт болды. Оларды еске алу, құрметтеу – біздің парызымыз. Сондықтан Елбасы біздің жаңа заманда қантөгіске жол бермей, қасиетті киеміз – тәуелсіздікке сабыр мен төзімділік, ақыл мен парасат арқылы қол жеткізгендігімізді атап айтты.
Небір қиын қыстау замандарда қазақтар ата қонысын, қара шаңырағын сақтап қалды. Дана бабаларымыз өзін ғана емес, әдет - ғұрпын, дархан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білді. Елбасының «Кейде ойлаймын, қазақ деген не деген төзімді халық?! Көнбеске көніп, шыдамасқа шыдаған. Болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, келешектен үмітін үзбеген. Қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған» деген сөздері адамға жігер береді.«Азат еліміздің жастары Тәуелсіздікке барар жолдың қандай азапты болғанын, қандай құрбандықтар мен сынақтар – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы, ашаршылықтың алапат екі толқыны, қуғын-сүргін мен репрессиялар, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы жаппай қоныс аударудың зардабы арқылы жеткенімізді білуі керек. Мұның өзі өткен тарихты қастерлеп, одан сабақ алу үшін қажет. Менің «Тәуелсіздік – бабалар қанымен келген киелі құндылық» дейтінім осыдан».
Мақаланы оқи отырып, тәуелсіздік жылдарында да қол жеткен жетістіктердің қандай қиындықтармен келгеніне де көзіміз жеткендей болады.Тәуелсіздіктің мән мағынасы туралы: «Бірақ бір нәрсе ақиқат,ол – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы жан алысып, жан беріскен сан ғасырлық күресінің заңды жалғасы, халықаралық құжаттармен бекітіліп, мәңгілікке берілген сыйы» дейді.
Тәуелсіздік тағылымы жұртымыздың жүріп өткен жолын ғана зерделемейді, ол адамды ізгілікке, адамгершілікке, кісілікке жетелейді. Елбасының әрбір сөзі тарих түкпірінен сыр шертіп, бір жағынан жастарымызды адамдық қалыптан айырмайтын тәрбие мектебіндей көрінді. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.
«Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» дейтінім сондықтан, дейді Елбасы. Тек еңбек қана қиындықты жеңбек – дегендей, Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Демек, Елбасының тәуелсіздік тағылымы мақаласы – ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепіліндей құнды еңбек.
Раева Гүлжауһар,
партия ардагері
14 желтоқсан 2021 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 292

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 387

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930