Құрылтай
» » Ауыл еңбеккерлеріне автокөлік табысталды

Ауыл еңбеккерлеріне автокөлік табысталды

Аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Ақтөбе ауылындағы «Алтын дән – 2021» мерекелік іс-шарасына қатысты. Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шарада аудан басшысы еңбек озаттарын құттықтап, жыл үздіктерін марапаттады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің директоры Нұрлан Іздібаев сөз алып, дала дүбірін қыздырған еңбеккерлерге алғысын білдіріп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, темір тұлпар мінгізді.
Әрі қарай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға «Ақтөбе и К» ЖШС-нің ұжымына ақ батасын беріп, салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, «Ақтөбе и К» ЖШС-нің диқандары биылғы жылы 1756 гектар жерге егін екті. Оның әр гектарынан 80,9 цн өнім алынып, қоймаға 142025,5 тонна сыр маржаны құйылды. Жоспарланған меже алынып, ел қуанышқа бөленіп, шаруашылық облысымызда алдыңғы қатардан көрініп келеді.

13 желтоқсан 2021 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 676
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31