Құрылтай
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні аясында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілді. Зорлық-зомбылықты жою, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту мақсатында 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Акция аясында Қармақшы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық емханасында полиция қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұнан бөлек, акция аясында Аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-мен жоспарлы түрде бірқатар іс-шаралар өткізуде. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен, жұршылықты және БАҚ тарта отырып, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы 25.11.-10.12.2021 жылы аралығында дөңгелек үстелдер, ақпараттық-танымдық дәрістер мен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Халық көп шоғырланған жерлерде, сауда үйлерінде халықты ақпараттандыру мақсатында бөлімнің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-мен жадынамалар таратылды.
Бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры, ЮПт-ы, ӘЗЗҚт-ы мен тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, қолайсыз отбасыларды тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

13 желтоқсан 2021 ж. 952 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 551
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 021

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031