» » Темірқазық (Әзілхан Амановқа арнау)

Темірқазық (Әзілхан Амановқа арнау)


Мекендеген мәңгілік Сыр даласын,
Бекемдеген жасынан жыр бағасын,
Әзілханның әлемін әспеттейін,
Дархан дала ұлына бір қарасын.

Өлшеусіз үлесің бар Отанға ұлық,
Шәкірттерің есейді батаңды ұғып.
Өзің еккен шыбықтар бәйтерек боп,
Заманының заңғары атанды ұлық.

Тағдыры тағылымды тұлғалы адам,
Жұлдызың жарқырап тұр
жылнамадан,
Өмірің өнегелі өшпес тарих,
Баладай болашаққа жол қараған.

Жабырқама! Деп ойлап жеке қалдым,
Біздер сенің ұрпағың көке бармын.
Тарихи мақалалар жазып жүріп,
Тарихқа айналып кете бардың.

Сен басқарған «Коммунизм
шам­шырағы»,
Болды елінің рухани жан шуағы.
«Қармақшы таңы» болып өзгертіліп,
Сөзінің жұртқа жетті бал шынары.

Бағалады еңбегіңді халық көріп,
Сол сәуле тұр өзіңе жарық беріп.
Сен жүрген жол секілді – Темірқазық,
Біздерге тұрады әлі бағыт беріп.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
11 желтоқсан 2021 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930