» » «Елдіктің жеті тұғыры» насихатталды

«Елдіктің жеті тұғыры» насихатталды


Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы бастаған партияның облыстық филиалы жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын насихаттау мақсатында жиын өткізді.
Аграрлы-техникалық колледжінің акт залында өткізілген аталмыш жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, БПҰ төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлына берілді. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының әр бөліміне арнайы тоқталып, мағынасын жеке-жеке түсіндіріп, еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.
Аталған жиын соңында аграрлы -техникалық колледжінің директоры сөз алып, бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор екендігін айтып, осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жас жетістікке жетуге, қоғамға пайдалы адам болуға, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарының қалыптастыруға ұмтылу керек екендігін жеткізді.
Жиынды «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Әбдібекұлы қорытындылады.
Кездесуден кейін облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы аграрлы-техникалық колледжінің жұмысымен танысты.

06 желтоқсан 2021 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 098

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930