» » Мемлекеттік тілге қатысты мәселелер қозғалды

Мемлекеттік тілге қатысты мәселелер қозғалды


ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 26 ҚАРАША КҮНІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ VІ ҚҰРЫЛТАЙЫ ФАРАБ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛЫНДА ӨТТІ. БАСҚА ӨҢІРЛЕРДЕН ЕКІ-ҮШ ДЕЛЕГАТТАН БАРСА, ҚЫЗЫЛОРДАДАН 5 ДЕЛЕГАТ БАРДЫҚ. СОЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСТЫМ. СОНЫМЕН БІРГЕ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТТАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР БАРДЫ.
Бізге деген үлкен құрмет болды. Сол құрылтайдың өтуіне біз де өз тарапымыздан біркісідей жұмылып атсалыстық. Бес жылда өтуге тиіс құрылтай он жыл дегенде өткізіліп отырған іс-шарада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, беделін арттыру мақсатында тіл жанашырлары мемлекеттік тілге қатысты келелі ойларын ортаға салды.
Жиынға еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысып, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын заман талабына сай жаңаша ұйымдастырып, қайта жандандыру керектігін айтты. Қоғам алдына жаңа міндеттер жүктеді. Қазақ тілінің қолдану аясын одан әрі кеңейтудегі маңызды рөлін ескере келе халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына көшіру және өңірлердегі филиалдарын кеңейту, материалдық базаларын нығайту, электрондық ресурстарын дамытудың маңыздылығына тоқталып, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс атқарып, ықпалды ұйымға айналуы қажеттігін атап өтті. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының латын графикасына ауысуы аясында қоғамдық қолдау жұмыстарын жүргізіп, ұлттық жаңғыру, рухани дамыту, ұлттық мүдде, ұлттық намыс мәселесі бойынша да жұмыс жүргізу керек деді. Сонымен бірге мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтетін Мемлекеттік комиссия құрылатынын, қазақ тілін үйретудің ортақ мемлекеттік тұжырымдамасы да­йындалып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ құрылтайда «Қазақ тілі» қоғамының атқарған жұмысының есебі тыңдалды. Қоғам филиалдарының басшылары баяндама жасап, өз ұсыныстарын білдірді. «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат сөз сөйлеп, халықтың көкейіндегі ойды жеткізсе, қоғам қайраткерлері Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман өз ойларын ашық айтып, тілге қатысты мәселелерге баса назар аударды. Жиналған делегаттар қол шапалақтап құрмет көрсетті. Басқа да қоғам қайраткерлері тіл төңірегінде қазақ тілінің елді біріктірудің бірден-бір күш екенін, әркім өзіне талап қойып, халық болып кіріскенде ғана бұл мәселенің жүзеге асатынын айтты.
Сондай-ақ жиында қоғамның жаңа бағдарламасы мен жарғысы қабылданды. Делегаттардың ашық дауыс беруі арқылы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы сайланды. Жаңа төраға мемлекеттік тілді тұғырына толық қондыру бағытында жұмыс істеу керектігін жеткізді.
Құрылтайда «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат «Парасат» орденімен марапатталды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы VІ Құрылтайының бағдарламасына сәйкес мәдени іс-шараларға қатыстық. Арыс­тан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бардық. Одан соң кешкі аста концерттік бағдарламаны тамашаладық. Қазақ күресінен өтіп жатқан спорттық іс-шараға қатыстық. Жерлесіміз Мақсат Исағабылов ауыр салмақта күресіп, жеңімпаз атанды.
Осылайша қызылордалықтардың мерейі үстем болып, қуанышпен оралдық. Құрылтай да өз мәресіне жетті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара болды.
Қазақ тілінің мәртебесі асқақтай берсін!

Гүлжауһар РАЕВА,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы
01 желтоқсан 2021 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 275

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930