» » Үйді оңай алудың онлайн тәсілі

Үйді оңай алудың онлайн тәсілі

Блокчейн технологиясы жылжымайтын мүлік саласына да келіп жетті. Соның арқасында қазақстандықтар ешқайда шықпай-ақ, онлайн режімде үй сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.


Жаңа пәтер сату және сатып алу­дың машақаты көп. Оның жарты ақша­сын банктен алсаң, тіптен қиын. Жүрісің де, жұмысың да көбейеді. Құрылыс компаниясы мен банктің арасын жол қылып, одан қала берді халыққа қызмет көрсету орталығы мен нотариустың арасында сабылып жүргенде біршама уақытыңыз да зуылдап өте шығады. Егер жаңа жүйе іске қосылса, небәрі 15 минуттың ішінде пәтерді өз атыңыз­ға рәсімдеуге болады. Бұл жө­нін­де арнайы өткен брифингте Цифр­л­ық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағ­дат Мусин айтты. Әзірше жоба тестілеу режімінде жұмыс істеп жатыр.
Электронды қызмет «Цифрлан­дыру, инновациялар және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында қолға алын­ған. Осы қызметті іске қосу үшін Әділет министрлігінің, банктер мен құрылыс компаниясының ақпа­раттық жүйелері біріктірілген екен.
Жалпы, дүние жүзінде блокчейн – деректерді біріктіру және сақтау жағынан ең қауіпсіз жүйе болып саналады. Бұл технология Қазақстанда екінші рет қолданылып отыр, бүгінге дейін ол ауыл шаруашылығы саласына енгізілген еді.
«Баспаналы болу – адам өмі­рін­дегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Біз құрылыс компаниясынан жыл­жымайтын мүлікті сатып алу рәсі­мін онлайнға көшіруді қолға алдық. Осылайша, пәтер алу рәсімін жеңілдетуді көздеп отырмыз. Жаңа технология толық іске қосылған кезде азаматтар құрылыс компаниясына, банкке, нотариуске және халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып жүрмей-ақ тұрғын үйді онлайн рәсімдей алады. Пандемияға қарамастан жылжымайтын мүлік сатылымында тұрақты өсім бар. Жыл басынан бері қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 900 мыңнан аса және нотариус арқылы 700 мың рет баспана рәсімдеген. Бұл дегеніңіз, клиенттер тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу үшін мемлекеттік қызметтерге 3 млн мәрте жүгінді деген сөз. Ал блокчейн технологиясын енгізу арқылы біз жылжымайтын мүлік пен оның кепілін тіркеу процесін жеделдете және жеңілдете алдық. Өздеріңізге мәлім, тұрғын үйді бір адамнан екінші адамның атына аударуға, мұрагерлікке беруге немесе қайта жазуға болады. Біз құрылыс компаниясынан бастапқы тұрғын үйді сату және сатып алу жолын таңдадық, өйткені бұл жерде адамның еркіне әсер ету қаупі жоқ», дейді министр Б.Мусин.
Пәтерді онлайн сатып алу проце­сі мәмлені қашықтан жүргізуге мүмкін­дік береді. Брифингке қатыс­қан құры­лыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, жылжымайтын мүлік нарығында мұндай қызмет бұрын-соңды болмаған.
«Бұл жаңалық жылжымайтын мү­лікті сатып алу тәсілін жақсы жағы­на қарай түбегейлі өзгертетініне сенеміз. Қазір азаматтар пәтер са­тып алуға 10 күндей уақытын жұм­са­са, блокчейн жүйесі санаулы минуттарда сатып алу-сату шарты­на қолжеткізуге мүмкіндік береді. Бұл – қазақстандық тұрғын үй нары­ғындағы тың серпіліс. Тіпті әлемнің кез келген түкпірінде отырып, Қазақстаннан үй алуға болады. Баспана сатып алушы тек 4800 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын төлесе жеткілікті. Осылайша, клиент нотариус қызметтеріне төленетін 49 мың теңгеге дейінгі қаржыны үнемдей алады. Біз бұл жобаға эксклюзивті құқық иеленбейміз. Демек, цифрлы рәсімдеу жүйесін құрылыс саласындағы басқа әріптес­теріміз де қолдана алады», дейді кәсіпкер Айдын Рахымбаев.
Әзірше онлайн ипотеканың толық циклін тіркеу жекелеген компаниялар мен банктердің сайтында жүзеге асырылады. Цифрлы ипотеканы рәсімдеу қалай жүргізіледі? Алдымен клиент құрылыс компания­сының сайтына кіріп, тұрғын үй кешендерінен қалаған пәтерін таңдайды. Содан кейін пәтер сатып алушының өтініші автоматты түрде банкке жолданады. Қарыз алушының профилін сәй­кес­тендіру және бекіту санаулы минуттарда жүзеге асырылады. Келісім алғаннан кейін клиент банктің мо­биль­ді қосымшасына өтіп, онлайн түр­де банкпен келісімшартқа отыра­ды. Әрі қарай банк құрылыс ком­па­ния­­сына ақшаны өзі аударады және бұл туралы клиентті хабардар етеді. Жыл­­жымайтын мүлікті пайдалануға бергеннен кейін клиент банктің мо­биль­ді қосымшасы арқылы кепілді он­­лайн тіркеу қызметін пайдалана алады.
Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутовтың айтуынша, ипотекалық несиелеу – бүгінгі таңда сұранысқа ие өнімдер­дің бірі. Цифрлы форматқа көшу банк клиенттеріне көптен күткен баспанасын сатып алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Бұған қоса, кепіл шарты мен үлестік қатысу шартын тіркеу процестері де жеңілдетіліп отыр.
«Мемлекет пен бизнестің өзара ынты­мақтастығы нәтижесінде дәстүр­лі қыз­меттер онлайн режімге көшіп, азаматтардың құжаттарды рәсімдеу жұмысы қолайлы бола түсті. Мұны елге ыңғайлы қызмет қана емес, қауіпсіздік пен сенімділікке кепілдік беретін абсолютті ашық тәсіл деуге болады», деді брифингте Ж.Мамутов.
Жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алудың тағы бір артықшылығы – клиенттерге «бір терезе» қағидаты­мен қызмет көрсетіледі. Мәміле нотариустың қатысуынсыз жасалады. Оны халыққа қызмет көрсету орталығы куәландырады.
Брифинг қатысушыларының сөзі­не сенсек, онлайн түрде үй алу – халыққа пайдасы көп қызмет. Шыны­мен ол тиімді жоба бола ма? Бұл – уақыт еншісіндегі шаруа.




24 қараша 2021 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031