» » Елдік мұрат – халықтық рухтың өлшемі

Елдік мұрат – халықтық рухтың өлшемі

Тәуелсіздік алған жылдары еліміз қиын өтпелі кезеңдерден өтті. Қиындықты көтере отырып, елдің біртұтастығы үшін бірқатар реформаларды қолға алып, алға жылжыды. Уақыт сындары оң-солымызды танып-білуге үйретті. Қажыр-қайратын аямай, ешкімге алақан жаймай, аз ұйықтап, көп еңбектенгенде ғана  тірлігі табысты  болатынын ұқтырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!» деген болатын.
Ғасырлар тоғысындағы әлемдік қаржы дағдарысы көптеген елдерді есеңгіретіп тұрған шақ еді. Ел тізгінін ұстаған Елбасы сол кезеңдерде Қазақстанның қаржы дағдарысына қарсы түрлі амалдар қарастырып, алдын алуға  мүмкіндіктер жасады. Нарық заманында бағаның өсуі де заңдылық. Уақытты тоқтата алмайсың. Ұлы көшке ілесу үшін, өкімет тарапынан еліміздің, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында көптеген  шаралар қолға алынды. Еңбек етіп, іс қыламын дегенге ынта болса, тірлік табылады. Игі бастамалар мен байыпты бағдарламалардың арқасында халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстары әлеуметтік мұқтаждыққа ұрындырмай, өркениетке ұмтылу өз жемісін берді.
Елдік мұрат халықтық рухпен өлшенеді. Бүгінде Қармақшы ауданы, ІІІ Интернацонал ауылында 11 ұлттың өкілі тұрады. Бір ананың баласындай бауырмал, ынтымағы жарасқан, берекесі тасыған құтты ауыл. Отансүйгіштік, патриоттық сезім – ұлттық рух деңгейінің айнасы, яғни өлшемі. Оның түпқазығы – адам тағдыры. Бүгінде өзгерген адам, өскелең ұрпақ, олардың сапасы ел назарында тұр. Оны жүзеге асыру Қазақстан халқының жасампаздық істерді орындауға, ерік-жігеріне, күш-қуатына, табандылығына, білімділігіне деген сенімнен туындаған. Көш басын өркениет жолына бастай отырып, сол ұлы көшті адастырмай алға апарып ұрпағымыздың жарқын болашағы мен бағыт-бағдарына үлкен мән беруіміз керек.
Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Отанымыздың көгінде көк туымыздың желбіреуі тәуелсіздіктің арқасы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Ұлтына, дініне, тегіне қарамастан елімізде тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп санайды. Елімізде көпұлтты Қазақстан халқы бір-бірімен тату өмір сүріп келеді. Этносаралық келісімді қамтамасыз етуде Отан, тәуелсіздік, тұрақтылық, тұрақты даму ұғымдары қазір әрбір қазақстандықтың жүрегінен берік орын алған. Оның ішінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздің қалыптасуына, өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді.                                                                                                                                                                Қоғамдағы қандай мәселе болмасын  шешімін табады, көп болып кеңесіп, жұдырықтай жұмылғанда ғана алға өрлейді. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Қоғамдық кеңестердің басты ерекшелігі атқарушы билік пен бұқараны байланыстырушы құрал рөлін атқарып отыр. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейде шешімдерді талқылау, қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру. Ел арасында қордаланған мәселелердің шешімін табу мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері талқылау алаңдарына, ұсыныс-пікірлерге көбірек назар аударады. Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес халықтың бірлігі мен тұтастығы және ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. «Бірлігі бекем ел тау тұрғызады» дейді. Әрине, табысқа жетудің талай жолы бар. Тіпті еңбек етуге де еп керек. Аудандық қоғамдық кеңес құрамында елге еңбегі сіңген, іс-тәжірибесі мол  Қаршыға Есдәулетов, Жақсыбай Жәкеев, Шегебай Құндақбаев, Сақтапберген Медеуов, Дастан Буханов, Асқар Ерманов, Алмасбек Қаржаубаев, Жайлыбай Сержанов, Нұрбай Жанәділов, Даулет Қауысов, Сәрсенкүл Райымбаева, Алпысбай Серкешбаевтар белсенді еңбектерімен көпшілікке үлгі болуда.
Біз ұрпақ үшін, солардың келешегі үшін борыштымыз. Қоғамдық кеңестің беделі оның әр мүшесінің беделімен нығаяды. Сондықтан  оның беделді болуын халық сүйіспеншілігімен салыстырсақ жеткілікті дер едім. Халықтың сенімінен артық ештеңе жоқ. Елдік мақсат – ел бірлігі. Қармақшы – қашанда қаймағы бұзылмаған құтты қоныс, киелі мекен. Адам туған, өскен жерінен тамыр алады, өркен жаяды. Сондай қасиетті орынның қадіріне жету, оны жас ұрпақ санасына ұялату, аға буынның халықтық рухына тікелей байланысты. Өмір өтеді, уақыт жалғаса береді. Қалатыны – ұрпақтарға бабаларымыздың өнегелі жолын, қадір-қасиетін дарыту істері. Тәуелсіздіктің отыз жыл ішінде атқарылған игі істер одан әрі жалғасын таба берсін.  Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз талай асулардан абыроймен өте берсін.
Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы
20 қараша 2021 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031