» » NIS Kyzylorda құрамасы – спартакиада чемпионы

NIS Kyzylorda құрамасы – спартакиада чемпионы



Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткізілген тоғызқұмалақтан желілік сайыста қызылордалық өрендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бір алтын және бір қола медалін қанжығалаған ойыншылар командалық есепте екінші жыл қатарынан чемпион атанды.
Еске сала кетейік, жарыс 1-3 қараша аралығында PlayOk платформасында онлайн түрде өткізілді. Мектептің намысын Жұлдызай Мұнайтбасова (10-сынып), Досымжан Райымбек (11-сынып), Азамат Алтынбеков (7-сынып) және Жансая Досық (8-сынып) қорғады. Сыр бойылық зияткерлер еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 90 ойыншымен бірге жүлделі орындарға таласты. Нәтижесінде 10-12-сыныптар арасында оқушыларымыз олжалы болды.
Бұл спартакиаданың тұрақты қатысушысы – Жұлдызай Мұнайтбасова. Ол тоғызқұмалақ спорт түрімен 8 жасынан бастап айналысады.
«Тоғызқұмалақ ақыл-ойымызды дамытып, логикалық дағдыларымызды жақсартады және сыни ойлауға үйретеді. Мен бұл спорт түрімен шұғылдану арқылы математикалық білімімді кеңейте түстім», – дейді жеңімпаз оқушы Жұлдызай Мұнайтпасова.
Айта кету керек, сыр бойылық оқушылар бұл спартакиаданың жыл сайынғы жеңімпаздары. Өткен жылы да NIS Kyzylorda құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, жалпы камандалық есепте «Үздік» команда атанған болатын.


15 қараша 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 080
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031