» » Ұстазы талантты, шәкірті талапты

Ұстазы талантты, шәкірті талапты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді іске асыру мақсатында оқушылар арасында батырлар жырын жатқа оқудан «Qazaq Epos» республикалық жобасы қолға алынды. Бірер апта бұрын осы байқаудың аудандық кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталған еді. Байқоңыр қаласындағы №274 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Набат Әлденованың дайындаған шәкірті, 9 сынып оқушысы Жәния Болатова жүлделі І орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. Талапты оқушыны тәрбиелеген талантты ұстазбен сол кезде жолығысып, әңгімеге тартқанбыз.
– Бұл байқауға біз ұзақ дайындалдық. Өткен оқу жылының жазғы демалысына шыққанда Жәнияға батырлар жырын жаттауды тапсырдым. Демалыс деп алаңсыз кеткен жоқпыз. Ол да жиі хабарласып, мен де әлсін-әлсін дайындығын тексеріп, кездесіп тұрдық. Бұл байқауға дейін Жәния Айжарық Сәдібекұлының шы­ғармаларындағы «Ана» образын талдау тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Облыс орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға арнайы барып, А.Сәдібекұлының барлық кітабын алып, бірге, түгел оқып шықтық. Оқушыммен қатар менің де ізденісім артып, білмейтін біраз мағлұматпен таныстым. Рухани байлығымыз молая түсті. Жәния сонымен қатар Адам Мекебаев жайында жазылған аудандық эссе байқауына қатысып, жүлделі орын иеленді, – дейді жеңімпаздың жетекшісі, 30 жылдан аса білім саласында жүрген педагог зерттеуші Набат Қонайқызы.
Әрбір шәкіртін жұлдыз қы­латын тәжірибелі ұстаз бұған дейін де бірнеше дарынды оқу­шының дұрыс мамандық таң­дауына септігін тигізген. Қазір Алматы қаласындағы жоғары оқу орнында журналис­тика ма­мандығын грантта оқып жат­қан шәкірті Әдемі Нұрқасым республикалық Мұқағали оқу­ларының жүлдегері. Ұстазымен бірге Мұқағалидың туған жері Қарасазға екі рет сапарлап барыпты. Үлгілі ұстаз ақиық ақынның табаны жерге тиген мекенде болып, жырсүйер қауымның ыстық ықыласынан алған әсерін ауылға келген бойда қағазға түсіріп, мақала дайындаған. Дәл осы Әдемімен Қадыр Мырза Әлидің туған жерінде өткен Қадыр оқуларына қатысып, ІІІ орынмен оралыпты.
– Кітапты көп оқу, жыр жаттау адамның есте сақтау қабілетін арттырады. Біз ұстаздар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын өзіміз арттыруымыз керек. Өзіміз ізденгенде ғана шәкіртімізден талап ете аламыз. Кітапты сүйсініп оқитын оқушы аз деп айтуға болмайды. Біз қай кезде баймыз деп айта аламыз? Тек құнды қисса-дастандарды оқып, тарихымызды танығанда ғана! – дейді ұстаз әңгіме арасында.
Білім министрінің, облыс, аудан әкімдерінің, білім бас­қармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарының иегері, сонымен қатар отбасында 4 бала тәрбиелеп отырған үлгілі ана, ардақты әже, руханият жанашырына бағындырар белесіңіз бен алар асуыңыз көп болсын деген тілек білдірдік.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
09 қараша 2021 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031