» » Заңсыз алкоголь өнімін сатып, айыппұл арқалады

Заңсыз алкоголь өнімін сатып, айыппұл арқалады

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша азаматша Г.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Г. өзінің дүкенінде кәмелет жасына толмағанға алкоголь өнімін сатып,  Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін бөлшек сауда арқылы өткiзу жөніндегі талаптарын сақтамаған.
Сот отырысында азаматша Г. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, алдағы уақытта қайталанбайтынын жеткізіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Қармақшы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 419 (жиырма мың төрт жүз он тоғыз) теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қазан 2021 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930