» » Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматша Ж. кәмелетке толмаған баласының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен кейін жүруіне, яғни ата-анасының ертіп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жүргені анықталып, оның анасы Ж.-ға ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот отырысында азаматша Ж. кәмелетке толмаған туған ұлы Н.-ның жасаған әрекеті рас екенін, мойындайтынын, алдағы уақытта қайталанбайтынын, алдағы уақытта тәрбиелеу міндетін қадағалап отыратынын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды  сұрады.
Сот қаулысымен азаматша Ж. ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 294 (он төрт мың екі жүз тоқсан төрт) теңге айыппұл салынды.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
19 мамыр 2021 ж. 1 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031