» » Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс-құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. Қармақшы ауданында «Беларус-80» тракторының тіркемесімен көлемі 4 (төрт) текше метр болатын сексеуіл отынын шауып, тиеп әкеліп жатқанында ұсталып, яғни кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Сотта азамат С.-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 19 446 (он тоғыз мың төрт жүз қырық алты) теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

14 желтоқсан 2020 ж. 1 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930