» » Бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды


Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы А. өзіне бекітілген әкімшілік аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету  барысында ұялы телефонына әкімшілік аймақ тұрғыны хабарласып, азаматтық некедегі жолдасы сотталушы Н.-ның алкогольдік масаң күйінде жанұя шырқын бұзып, жанжал шығарып жатқанын мәлімдеген.
Көмекке шақырған хабарламаның негізінде мекенжайға барған сәтте, соңғының ескертуін елемей, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, былапыт сөздер айтып, жұлқыласып, оң қолының жұдырығымен полиция қызметкері А.-ның оң көзінің астынан бір мәрте ұрып, аяғымен оң қолының білек тұсынан теуіп, соңғының  денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, жеңіл зиян келтірген дене жарақатын салған.
Сотта сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындауымен, жауапты оқиға болған жерде тексеру хаттамасымен, оған тіркелген фотокестелерімен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен толық дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
         
20 қазан 2021 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930