» » Келешекке нық қадаммен

Келешекке нық қадаммен


ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ АТАНУ ЕЛІМІЗГЕ КҮШ ПЕН СЕРПІЛІС, ӨЗ ЕРІК-ЖІГЕРІМІЗБЕН ІЛГЕРІ ҰМТЫЛУҒА, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӨРКЕНДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ. КӨК ТУЫМЫЗДЫ БИІК ҰСТАҒАН ҚАЗАҚСТАН 30 ЖЫЛ ІШІНДЕ КӨПТЕГЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ.
Тәуелсіздік алған бетте-ақ түрлі түйткілді сауалдарға шешім табылды. Қазақ елі үшін трагедия болған Семей полигонының жабылуы, Арал теңізі мәселесінің шешілуі, тарихи мәдениетіміз бен мұрамыздың, мем­лекеттік тіліміздің жаңғыруы, өз табиғи қазынамызды иеленуіміз – туған жерін сүйген әрбір елжанды азамат үшін зор жетістік еді.
Қазір келешегімізге нық сеніммен қарайтын, өркениетті, зайырлы һәм ин­дустриалдық жаңғырту жолында жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет екенімізге көз жеткізіп отырмыз.
Еліміз тәуелсіз деп атанған күннен бастап Дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін дәлелдеп келеді. Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы «ЮНЕСКО» шеңберінде аталып өтілсе, 2002 жылы яки алғаш рет Азия құрлығында 24 ел басшысының басын біріктірген алқалы кеңестің ұйымдастырылуы – жас Тәуелсіз мемлекетіміздің сәтті аяқалысын білдірді. Қазақстан «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. 2003 жылы Елордада алғаш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты қатталды. Ал 2017 жылы 100-ге жақын мемлекетті біріктіріп халықаралық көрме – «ЭКСПО-2017» жоғары деңгейде өтті. Осының бәрін ескеріп бағалауымыз керек.
Бүгінде егемен еліміздің өзіне тән пікірі, мәртебесі мен үні бар. Біз – ғаламдық дәрежеде аяғымызды нық басып, өзге мемлекеттер бізбен санасатын елге айналдық. Осындай нәтижеге қол жеткізу үлкен іс-әрекеттерді, іс-шараларды талап етеді, яки ішкі және сыртқы саясатты оңтайлы жүргізіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеу, дүниежүзілік бірлестікте өркениетті елдер мен білікті қарым-қатынаста болу іскерлікті қажет етеді. Осындай өрелі елдік істерде халқымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жол көрсеткен Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
Оның басты таңдаған Стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болатын. Міне қазір әлемнiң дамыған әрі бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылып отырмыз. Бұл – үлкен мақтаныш.
Осы күнге дейін еліміз қаншама жетістікке жетіп, биік белестер мен асулардан өтті. 2012 жылдың желтоқсанында Елбасымыз «Қазақстан – 2030» Стратегиялық тұжырымдамасын қорыта келе, еліміздің жаңа саяси бағытын айқындады. Мақсатымыз 2050 жылға мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру десек, ол үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырды. Осы ретте, білімді жаңартумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсартуда жаңа мамандар дайындау қажеттілігі туды. Жастардың алға ұмтылуы заңдылық. Бірі мұнайшы, бірі заңгер, бірі экономист болғысы келеді. Мәселен мұнай бағасының күрт түсуінен көптеген жұмысшымыз жұмыстан босатылды. Күнкөрісте артында оларға қарап отырған іні-қарындастары, жанұясы бар. Мұндай сценарий болмас үшін алдымен жастардың игерілмеген салаларға құштарлығын ояту керек.
Қазақстан көпұлтты, көпконфес­сиялы қоғам екені белгілі. Дей тұра ана тілімізді дамыту міндетіміз. Қазақ тілі – тарихи құндылығымыз, рухани байлығымыз. Ана тілімізді кез келген салада қолданғанда ғана мақсатымызға жетпекшіміз. Оған мемлекет тарапынан жағдайлар жасалуда. Тегін сабақ, бейнебаяндар ұйымдастырылып, оқулықтар шығарылуда. Ана тілімізді құрметтеп, қастерлесек қоғам бұрынғыдан да көгеріп-көктеп, мәртебеміз одан сайын асқақтайды.
«Бала тәрбиесі – бесіктен» дегендей, тәрбие балабақшадан басталады. Адам баласында патриоттық сезім жас­тайынан қалыптасады. Елімізде «Балапан» бағдарламасының көмегімен 4 мыңнан астам балабақша тұсауын кесті. Балабақшамен ғана шектелмей, жаңа әдістемелер арқылы балаларға тәлім-тәрбие беру де жалғасын табуда.
Дүние жаңғыруда, алайда біз тарихи мұрамызды, ұлттық идеяны сақтап, құндылықтарды жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыруымыз керек. Бастысы мекеніміздегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты сақтағанда жемісті нәтижеге жете алмақпыз.
Бүгінгі таңда өркендеуге, әлеуметтік дамуға қарай бағыт алдық. Елбасы мен Мемлекет басшысының Жолдауларында экономикалық, әлеуметтік бағыттағы бағдарламалар және оның шешілу және оған қол жеткізу жолдары айқын көрсетілген. Ендеше «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істеп, кемел келешекке сеніммен нық қадам баса берейік!

Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
экономикалық ғылымдар
магистрі,
Байқоңыр қаласы
16 қазан 2021 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031