» » Жаны нәзік, рухы өр

Жаны нәзік, рухы өр


Қыз-келіншектердің қолына қару алып, елді қорғау тақырыбы көпшілікке жаңалық емес. Жауынгер әрі батыл арулар бұрыннан ер азаматтармен бірге иін тіресе Ұлы дала кеңістігін қорғағаны тарихтан мәлім. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның әскер қатарында көптеген әйелді кезіктіруге болады. Ал әскерде жүрмесе де бірнеше жылдар бойы қорғаныс істері бөлімінде қызмет атқарып, жас сарбаздарды әскерге аттандыруда талмай-тынбай еңбек етіп жүрген нәзікжандылар жетерлік.
Қоғамда олар барлық жауапты қызметті ерлер қауымымен бірдей атқарып келе жатқаны рас. Олар кез келген салада өздерінің ісін дөңгелету арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына да сүбелі үлесін қосып келеді. Бүгінгі жазғалы отырған кейіпкеріміз – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі Эльмира Қорғанбаева.
Ол 1971 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. М.Фрунзе атындағы №27 орта мектептен түлеп ұшады. Ал еңбек жолы 1989 жылы Қазақстан ЛКЖО аудандық комитетінде статист болудан басталады. 1992 жылы «Салтанат» ШК мекемесінде моторист тігінші болып жұмыс істейді. Одан соң 1992-1996 жылдар аралығында Ұлттық банктің есептік кассалық орталығында еңбек етеді. Бірнеше жылдар бойы еңбекпен біте қайнасқан нәзікжанды 1993 жылы Алматы қаласындағы Академия басқармасы жанындағы банк колледжінің сырттай бөліміне түсіп, 1996 жылы арнаулы орта білімді банк ісі мамандығы бойынша бітіреді. 2004 жылы Қызылорда экономика, құқық, экология Академия университетіне сырттай оқуға түсіп, одан 2007 жылы қаржы бакалавры біліктілігін алады.
– 1996-2005 жылдарға дейін Қар­мақшы ауданының әскери комиссариатында бронь және есеп инспекторы қызметін атқардым. Одан 2013 жылға дейін Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құпия бөлімі бастығы болып жұмыс істедім. Сол жылдан 2015 жылға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі көмекшісі болдым. 2018 жылдың тамызына дейін осы бөлімде есепші болып, ал қазіргі таңда бөлім бастығының көмекшісі болып еңбек атқарып келемін. Яғни бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмылдыру ресурстарын автоматтандырылған есепке алу жүйесі, сонымен қатар материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қызметтер атқарамын, – дейді Эльмира Қазақбайқызы.
Жыл сайын корғаныс саласындағы қол жеткізген табыстары мен үлгілі еңбегі, қызмет жолындағы жетістіктері үшін облыстық қорғаныс істері жө­ніндегі департамент бастығы, ау­дандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы және аудан әкімі атынан біршама марапатқа ие болған. Биыл «Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштері қызметкерлерінің кәсіп­одағына сіңірген еңбегі үшін» медалін кеудеге тақты. «Жаның нәзік болғанымен мінезің ер мінезді болуы керек. Өйткені сала соны талап етеді. Біздегі тәртіп те, ұран да бөлек әңгіме. Ал жетістікке жетуім – алдымен жақындарымның, одан соң қажырлы еңбегімнің нәтижесі деп білемін» дейді ол сөз арасында.
Бүгінде қазақ қыздары тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс істерінде тапсырылған міндеттерін абыроймен атқарып, толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Сол арқылы олар мемлекетіміздің дамуына елеулі үлесін қосып, ұлттың тыныштығы жолында аянбай қызмет етуде. Ал біздің кейіпкер жаны нәзік болса да, жүктелген жұмыстарды орындауда тиянақтылығы мен кәсібилігін көрсетіп, қызметтік міндетіне адалдығын танытып, әріптестеріне үлгі болуда.
Айнұр ӘЛИ
(сурет автордыкі)
16 қазан 2021 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031