» » Жүйелі жұмыстар жалғасын табады

Жүйелі жұмыстар жалғасын табады

Биылғы жаңа оқу жылында 28 жалпы орта, 1 негізгі мектепте 15235 оқушы білім алып жатса, оның ішінде 1 сыныпқа барлығы 1661 оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде барлық санитарлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып басталды.
"Бала денсаулығы бәрінен қымбат" демекші, оқушылардың шоғырлануын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізу, білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимі «бір сынып бір кабинет» қағидаты қатаң сақталуда. Пандемияға байланысты барлық білім беру ұйымында бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге шектеу қойылған. Спорттық іс-шараларды ғана таза ауада өткізуге рұқсат.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші ауырған жағдайда топ жабылады. Ал, ата-анасынан вирус анықталса, балалары балабақшаға қабылданбайды. Және бір ескерерлігі, әр топта 20-25 баладан аспауы қатаң сақталады. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жағдайда олар 14 күндік оқшаулауға жіберілетін болады. Бұл орайда, өткен оқу жылы барысында жинақталған тәжірибеге сәйкес, онлайн форматтағы оқуды жалғастыратын боламыз. Бүгінде 29 мектеп пен 38 балабақша «ASHYQ» қосымшасына толық қосылып жұмыс істеуде.
2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша 674 мектеп бітірушінің 578-і ҰБТ-ға қатысып, аудан бойынша орташа көрсеткіш 84,6 баллды құрады. Мемлекеттік білім гранты конкурсына 508 оқушы қатысып, 451 оқушы грант иегері атанды және аудан бойынша 88,7 процентті құрады. Бітіруші 674 оқушының барлығы орналасу бойынша 100 процентті құрап отыр.
Өткен оқу жылында ауданда 674 мектеп бітірушінің 63-і «Алтын белгі» иегері атанса, олардың 61-і мемлекеттік грантқа оқуға түскен. Түлектер негізінен педагогика, медицина, техникалық және басқа да мамандыққа таңдау жасаған. Оқушының білім деңгейі пәндік олимпиададан да көрініп жатады. 29 мектептен жалпы білім беретін пәндер бо­й­ынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 715 оқушы қатысып, 31 оқушы облысқа жолдама алған бола­тын. Шәкірттеріміз облыстық олим­пиадада 16 жүлделі орынмен оралып, республикалық олимпиадаға 5 оқушымыз қатысты. Нәтижесінде №85, №250, №277, №279 мектептерден 4 оқушы олимпиада жеңімпазы атанып, Сыр елінің мерейін өсірді.
9-10-11 сынып оқушылары аралы­ғында жалпы білім беретін пәндер бо­йынша республикалық ғылыми жоба конкурсының аудандық кезеңінде 61 оқушының (59 жоба) 51-і (49 жоба) конкурстың ІІ кезеңіне (облыстық) қатысып (қашықтан), әр секция бо­йынша барлығы 19 жүлделі орынды иеленді. Конкурстың республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, нәтижесінде №111 орта мектептің оқушысы Нұрайым Пәкуәдинова ІІ орын және Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының ХІ халықаралық конкурсынан ІІІ орындарды иеленді.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінен 8 секция бойынша жолдама алған 16 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, нәтижесінде І орын 2 оқушы (№26, №105), ІІ орын 5 оқушы (№26, №108, №199, №107), ІІІ орын 3 оқушы (№269, №107, №108) иеленсе, республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып (№105, №26), №105 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Нұргүл Сейтбекқызы дипломмен марапатталды. Елбасы медалін 36 оқушы иеленіп, халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз, жүлде­гер атануда. Облыстық білім басқар­масының және "Bilim Foundation" қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен "Бақытты отбасы" отбасылық марафонына №272 орта мектептен Әбіловтер отбасы қатысып, 3 орын иегері атанды. Одан бөлек, "Үздік логопед" байқауында №269 орта мектептің логопеді Айгүл Тілеуова сертификатпен мадақталды.
Оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша 2021-2022 оқу жылында 14 баспамен келісім-шарт жасалып, 24 мектепке 38078 дана, Байқоңыр қаласы бойынша 5 мектепке 13175 дана оқулық алынды. Айта кету керек, 1 сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылды. «Әліппе», «Букварь» және басқа да жаңа оқулықтар білім ошақтарына қамтамасыз етілді.
Жылдағы дәстүрмен республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл да өз жалғасын тапты. Тамыз айынан басталған қайырымдылық іс-шарасы әлеуметтік әлжуаз, көпбалалы отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы көмек беру мақсатында ұйымдастырылды. Игілікті іс-шараға қоғамдық ұйымдар мен мекемелер атсалысты. Атап айтқанда, аудандағы «Әйелдер, аналар кеңесі» мүшелері, кәсіпкерлер, педагогтар тарапынан көмектер көрсетілді. Білім бөлімінің кәсіподақ комитетінен әлеуметтік жағдайы әлсіз немесе білім қызметкерлерінің балаларына 120 дана сөмке, оқу-құралдары берілсе, «Қазақстан Халық Банкі» 50 оқушыға, мекеме, бөлім басшыларынан 45 оқушыға, Тұрмағамбет ауылындағы Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекова атындағы "Сәлима ана" қайырымдылық қоры 5 оқушыға, жалпы мектептерде 292 оқушыға демеушілік жасап, қайырлы іс істеді.
Қазан айымен бірге келетін Ұстаздар мерекесінің біздер үшін орны айрықша. Мәртебелі мамандық иелерінің бұл күнді асыға күтетіні де бекерден-бекер емес. Ұстазға деген құрмет – болашаққа деген құрмет болса керек. Алтын уақытын келешек ұрпақтың бақытына, мемлекетіміздің кемел көкжиегіне арнаған аяулы жандардың мерекесі құтты болсын дейміз. Айтулы мерекеге аудан ұстаздары толымды табыспен келіп отыр. Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие дәнін сеуіп келе жатқан педагогтарға әркез қолдау көрсетілуде. Айлық табыстарының өсуі, рухани-әдістемелік қолдаулар, сондай-ақ Ұстаз мәртебесі – ұлағат иелеріне алдағы уақытта білімді де тәрбиелі ұрпақ дайындау жолында тың серпіліс берері сөзсіз.

Гулзия ДУЙСЕМБАЕВА
аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
03 қазан 2021 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031