» » Қазақстанда жаңа оқу жылында мектептерге қандай санитарлық талаптар қойылады?

Қазақстанда жаңа оқу жылында мектептерге қандай санитарлық талаптар қойылады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мектеп

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет. Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жалғасып жатқан шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтап, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру маңызды.
Әкімдіктердің білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізуді ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.
"Әрбір әкімдіктің білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының пандемия кезінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар мен мектептердің жұмысын ұйымдастыруда тәжірибесі бар. Дегенмен, күндізгі оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Бастысы – балалардың денсаулығы. Сондықтан әр сынып басқа кабинетке ауыспай, өз кабинетінде оқиды. Оқушылар да мұғалімдер сияқты бетперде киеді. Үзілістер әртүрлі уақытта болады, қажет болған жағдайда қосымша ауысымдар енгізіледі. Кіреберісте температураны өлшейтін және дезинфекциялық құралдардың болуы міндетті. Сондай-ақ оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша педагогтердің көлемді жұмыс жүргізуі маңызды", – деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.
Сонымен қатар сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалуы керек. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді шектеуі қажет. Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады.
Санитарлық қызметтің талабы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау.
Білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын айта кетейік. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.
"Өткен жылы оқыту форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырғаны естеріңізде болар. Кейбір оқушылар қашықтан білім алды, бір бөлігі аралас форматта оқыды. Эпидемиологиялық жағдай жеңілдеп, дәстүрлі оқуға мүмкіндік болған кезде кейбір оқушылар кезекші сыныптарға барды. Яғни, елде жаппай қашықтан оқыту болған жоқ. Іс жүзінде орта есеппен 4000-ға жуық шағын ауылдардағы мектептер жыл бойы  дәстүрлі форматта оқытылды. Дәстүрлі форматта оқитындардың жалпы саны кезекші сыныптарды қоса алғанда бірінші тоқсанда 1 млн бала болса, төртінші тоқсанда 2 млн балаға дейін жетті", – деді Жомарт Қарамбаев.
1 қыркүйекте 3,5 млн-нан астам бала үшін 7 475 мектеп ашу жоспарланған. Қазір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барысын әкімдіктердің білім басқармалары бақылайды. Барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталады, соның ішінде 263 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
22 шілде 2021 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031