» » Қазақстанда зейнетақы көлемі өсті

Қазақстанда зейнетақы көлемі өсті

Елімізде ынтымақты және базалық зейнетақының көлемі қандай және биыл ол қанша пайызға өсті? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінгі зейнетақы жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Елімізде 2 млн 236 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты қамтамасыз етіп, қамқорлық жасау Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінде мемлекет зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, биыл 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға өсті. Сондай-ақ 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі зейнеткердің еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді»,  деп хабарлайды министрліктен.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18,5 мың теңге болса, ең жоғары мөлшер 39,3 мың теңгені құрайды. Ал биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтар алатын орташа зейнетақы мөлшері 31,1 мың теңгені құрайды екен.
«2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері 68,8 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 100,6 мың теңгені, ең төменгі мөлшері – 43,3 мың теңгені құрайды», делінген хабарламада. 
02 қазан 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031