» » 2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы өсті

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы өсті

2019 жылдың қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы индекстелді.


Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын және жылдың басында жүзеге асырылатындығын айтты.

«Ол инфляциядан 2 процентке ілгері жүреді, биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 9 процентке жеткіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу қосымша инфляция деңгейінде жүргізіліп, оның үстіне 2 пайыздық мөлшер қосылады», - деді министр.

Оның сөзінше, базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67 процентке көтеру дегенді білдіреді.

«1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық»,-деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті.

«Зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды»,-деп түйіндеді ведомство басшысы.

01 қаңтар 2019 ж. 1 023 1

JeaCold от 1 наурыз 2019 04:00
Cialis Hipertension Arterial Viagra Rezeptfrei Kaufen Hannover Viagra Rezeptfrei Kaufen Forum cialis canada Viagra Ohne Rezept De

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728