Құрылтай
» » 6 млн-нан астам қазақстандық вакцина алып, елде эпиджағдай жақсарды

6 млн-нан астам қазақстандық вакцина алып, елде эпиджағдай жақсарды




Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бүгінгі эпиджағдай туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», – деді А. Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, министр елімізде салтанатты іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты өз пікірін білдірді.
«Эпидахуал және дағдарыс кезінде бизнесті қолдау, олардың қауіпсіздігін қамту маңызды. Той-думан өткізуге рұқсат берілгенімен, оның нақты талабы барын ұмытпаған жөн. Ол талаптардың сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қадағалайтын болады. Осы орайда бизнес өкілдерін карантин талаптарын жұмсартуымызға түсіністік танытып, жұмыс барысында ортақ ережені қатаң сақтауға шақырамыз», – дейді ол.


27 қыркүйек 2021 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 694
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31