Бүгін халықаралық демократия күні
Демократиялы қоғамда өмір сүру азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктерді сыйлайтын ашық қоғамның басты белгісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинте Қорқыт ата атындағы ҚУ философия және әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев демократияның маңызына тоқталып өтті.
«Халықаралық демократия күні 2008 жылдан бастап әлемдік деңгейде аталып келе жатыр. Жалпы демократия дегеннің өзі тарихы өте тереңде. Бірнеше ғасыр бұрын ертедегі грек жерінде алғаш рет демократияның белгілері пайда болған. Содан бастап демократиялық үдіс, демократиялық процесс өзінің қоғамдағы рөлін айқындаған көрінеді. ҚР Конституциясының 1-бабында жазылғандай демократиялық зайырлы-құқықтық әлеуметтік мемлекет құру басты міндет. Әлемнің дамыған елдер қатарына қосыламыз деп алдымызға үлкен міндеттер қойдық. Отыз жылда жеткен жетістігіміз әлемдегі даму жолына түскен елдердің қатарында екендіміздің дәлелі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауының 6 бағытында саяси жаңғыру мәселесін көтерді. Яғни біздің қоғамдағы демократияның барлық салаларда кеңінен орын алып келе жатқандығы және болашақта орны қалуы керек екендігі айтылған»,-деді Баймырза Қожамберлиев.
Сондай-ақ, баспасөз конеренциясында тарих ғылымдарының кандидаты, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уалихан Ибраев тарихтан шолу жасап, демократияның құндылығы туралы өз ойымен бөлісті.
«Бүгінде БҰҰ құрамына кіретін мемлекеттердің барлығы осы күнді халыққа насихат жүргізу есебінде атап өтеді.Демократиялық құндылықтар бізге жат емес. Дәстүрлі қазақ қоғамында бұның тамыры ертеден басталған. Қазіргі егеменді ел атанған отыз жыл ішінде қазақ қоғамында демократияның үрдерісі қалыптасып, дамып келе жатыр. ҚР Конституцияда көрсетілгендей халықтың билігі ең бірінші орында тұруы қажет», -деді Уалихан Серікұлы.