» » 26 қаңтар – кеденшілердің халықаралық күні

26 қаңтар – кеденшілердің халықаралық күні

Жыл сайын 26 қаңтарда дүние жүзі бойынша кеденшілердің халықаралық күні аталып өтеді. 1952 жылы қарашада Кедендік ынтымақтастық  кеңесін құру туралы конвенция күшіне енді. Ал 1953 жылы 26 қаңтарда Кедендік ынтымақтастық кеңесінің бірінші сессиясы өтті. Сол кезден бастап Бүкіләлемдік кеден ұйымы (WCO)  деген атқа ие болды.
Алғашқы сессияға Еуропаның 17 мемлекетінің кедендік қызмет басшылары ғана қатысқан болатын. Арада 30 жыл өткен соң, 1983 жылы ұйым 26 қаңтарды  кеденшілердің халықаралық күні ретінде белгіледі. Бұл идея үлкен қолдау тапты. Алғашқыда аз ғана мемлекет қатысқан ұйым бүгінде үлкен және беделді халықаралық деңгейге көтерілді. Қазіргі күні оған 183 мемлекет мүше, олар бүкіл дүниежүзілік сауданың 98% басқарып отыр. Олардың төрттен үш бөлігі – дамушы елдер.
Бұл мереке кеденшілердің ынтымақтастығы ретінде ғана аталып өтпейді. Осы күні бір жыл бойы атқарылған жұмыс қорытындыланады. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастықтың назарын кеден қызметінің қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңыздылығына  аударуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мыңнан астам адам тойлайды.
26 қаңтар 2021 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930