» » Қазақстанның тағы бір өңірінде "QazVac" вакцинасын өндіретін кешен пайда болды

Қазақстанның тағы бір өңірінде "QazVac" вакцинасын өндіретін кешен пайда болды

Қазақстанда "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаң іске қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, "Антиген" ғылыми өндірістік кешен "OtarBioPharm" ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген "QazVac" қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.
Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі болып саналады. Институт "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты.
Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.
Қыркүйек айында қуаты айына 1 миллион дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында  "QazVac" вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.
Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
13 қыркүйек 2021 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031