» » Жанұя жылуы

Жанұя жылуы




Аудан орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейде 5 жылдан бері оқушыларға физика-математика пәнінен дәріс беретін жас та білімді жұп бар. Олар – Сәулет Игембаев пен Ақнұр Үсенова.
1992 жылы Жосалы кентінде ұстаздар отбасында дүниеге келген Сәулет Игембаев жасынан есепке жүйрік. Ұстаздары мықты математик шығады деп сенім артқан жігіт мектеп бітіргеннен соң Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің грантын жеңіп алған. Жоғары білімнен кейін магистратураға түсіп, 2016 жылы өзімен қатар құрдас, физика факультетінде білім алған, магистратураны да бірге тәмамдаған тараздық Ақнұр есімді арумен көңіл жарастырып, Жосалыға келін етіп ала келіпті. Білімді жасты өзі оқыған мектеп ұжымы қуана қарсы алып, математика пәнінің мұғалімі, келіншегі Ақнұрды физика пәнінен дәріс беретін ұстаз ретінде бірден жұмысқа қабылдайды. Қос білім магистрі ерекше қарқынмен, жастық жігермен жұмысқа кірісіп, бар-жоғы 5 жылдың ішінде педагог-сарапшы атанды. Ауылға келген жастарды баспанамен қамтамасыз ететін тиімді бағдарлама бар. Бір үйдің тұңғышы Сәулет «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баспаналы болып, отбасынан еншісін алып шыққан.
– Сәулет пен Ақнұр педагогика ғылымының магистрі. Өте білімді. Үнемі ізденіс үстіндегі жастар. Сәулетте ер жігіттерге тән батылдық, бірсөзділік, намыс басым. Ал Ақнұр биязы мінезді. Екеуін жарастырып қосқан дер едім. Бір салада, бір мектепте жұмыс істеген соң бір-бірін қолдап жүреді. Екеуінің де болашағынан күтер үмітіміз көп. Жыл сайын жетістіктеріне жетістік қосып келеді. Осындай еңбегімен де, отбасымен де үлгі болар жас мамандарымыз көп болсын, – деген тілегін жеткізді мектеп директоры Гүлзира Еркебаева жас отбасы жайлы сұрағанымызда.
Жас жанұяны Әмина, Әли есімді бүлдіршіндер шат күлкісімен қуанышқа бөлеуде.
«Барлық адам бақытты өмір сүргісі келеді. Бірақ бақыт деген ақша, дүние-мүлік, атақ деп ойласақ қателесеміз. Бақыттың кілті – теңім деп тапқан қосағыңмен түсінісіп, сыйласып, жарасымды өмір кешуде» дейді Сәулет Қонысбекұлы.
Мемлекет басшысы жыл сайын халыққа жолдаған Жолдауында мұғалімдерді қолдауды, олардың еңбекақысын көтеруді назардан тыс қалдырмайды. Білімі және еңбегіне сай жоғары жалақы алу жас отбасылардың аяқтан тұрып кетуіне жәрдем болары анық.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА


11 қыркүйек 2021 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031