» » «Қызыл» статус жазадан жалтармайды

«Қызыл» статус жазадан жалтармайды


ПАНДЕМИЯ БАСТАЛҒАЛЫ БІРҚАТАР ШЕКТЕУГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫҚ. ӘЛЕМ БО­ЙЫНША КЕЙБІР БИЗНЕС ТҮРІ СОЛ ШЕКТЕУМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, КІРІСІНЕ ҮЛКЕН ШЫҒЫН КЕЛТІРУДЕ. БҰЛ БІЗДЕ ДЕ БАР. АЛ ОСЫНДАЙ ЖҰМЫСЫН ШЕКТЕУГЕ МӘЖБҮР ОРЫННЫҢ ТОЛЫҚ ЖАБЫЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН, ӘРІ ШЕКТЕУДІ ІШІНАРА АЛЫП ТАСТАУҒА БАЛАМА РЕТІНДЕ «ASHYQ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН
БОЛАТЫН.
Алдымен ойға бұл жобаның пайдасы қандай деген сауал оралды басында. Қазір кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Дегенмен өзін-өзі оқшаулау режимінің бұзылып жататыны тағы кезікті. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барады. Солай вирустың таралуына себепші болады. Міне, біз айтып отырған қосымша осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бұл қалай жүзеге асып жүр?
Соңғы кездері қызыл статусы бола тұра карантин талаптарын бұзғандар саны азаяр емес. Бір тәулікте ереже сақтамай, өзін оқшауламай көше кезгендер саны өткен айда 2000-ға жуықтаған. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлаған болатын. Оның сөзінше, Ashyq бағдарламасына қатысушылар саны 4 есеге артып, 88570-ке жеткен. Бұрын бағдарламаға тек тамақтану орындары қатысса, қазір 700-ден астам ірі сауда орындары мен жабық базарлар осы жоба аясында жұмыс істеп тұр. Әсіресе, ірі сауда орындарында қызыл статусы барлар жиі анықталатын көрінеді. Бір айдың ішінде бұл көрсеткіш 10 есеге артқан. Палата өкілі әркім өз статусын үйден шықпай-ақ тексеруге болатынын ескертті. Күніне 400 мыңнан астам адам бұл мүмкіндікті пайдаланып отыр. Жоба аясында бір күнде қызыл мәртебесі бар 8 мыңға жуық адам тіркеледі екен. Ал 24 тамыздан бастап карантин талабын бұзғандардың саны 3,6 мыңға артып, 77,6 мың болған. Бұл деректер Ashyq қосымшасы арқылы анықталыпты. Демалыс күнгі лок­даун енгізілгеннен кейін жұмыс күндері чекиндер саны 1,8-2 млн болса, демалыс күндері 500-600 мыңға жетіпті. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпорындар саны 6 есе артқан.
12 сәуірден бастап бүгінге дейін карантин талабын бұзғандардың көрсеткіші 85 мыңнан асып-жығылыпты. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 62 645 келуші, «сары» статусы бар 22 361 азамат анықталған. Айта кетейік, қазір Ashyq-тың 4 миллионнан аса пайдаланушысы бар.
«Қызыл» статусы барлар өздерін оқшауламаса, 87 мың теңге айыппұл төлейді. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Ashyq-та «қызыл» мәртебесі бар азаматтар қоғамдық орында жүргені үшін айыппұл төлейді. Әкімшілік жауапкершілік өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзатындарға бағытталған.
– Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлайды. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енді, – деп жазды Санитарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау комитетінің баспасөз қызметі.
Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық ны­сандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар болып шыққан адамдар оқшаулану ережесін бұзған болып саналады. Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талап­тарды сақтамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға себеп болады. Егер азамат өзінің мәртебесі туралы біле тұра, оқшаулану режимін бұзса және айналасындағыларға қа­­сақана жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Қызылорда облысының өзінде оқшаулану мәр­тебесін бұзып, әкімшілік айыппұл арқалаған 18 адам тіркелді. Оның 2-еуі Қармақшы ауданынан.
Айнұр ӘЛИ
11 қыркүйек 2021 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031