» » Ashyq жүйесі Сбербанктің қосымшасына енгізілді

Ashyq жүйесі Сбербанктің қосымшасына енгізілді

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері бизнес өз жұмысын белгілі бір шектеулермен жасауға мәжбүр, бұл кәсіпкерлерге айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Жеке тұлғаларды адам көп шоғырланған жерлерде вирус жұқтырып алу қаупі алаңдатуда. Алайда ПЦР тестілеуден өткені туралы деректер базасының негізінде COVID-19 вирусына шалдыққан науқастарды және олармен байланыста болған тұлғаларды анықтауға арналған Ashyq жүйесі іске қосылғаннан бастап қауіп азайды, ал бұл қазіргі коронавирустың төртінші толқыны мен оның жаңа штаммы өршіп тұрған уақытта өте өзекті болып табылады.

Енді Ashyq қызметін Сбербанктің мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. 
Ол қалай жұмыс істейді?
Қызметті қолдану үшін Ashyq бағдарламасына қатысушы мекеменің кіре берісіне орнатылған QR-кодты сканерлеу қажет. Содан кейін қосымшада қоғамдық орынға кіруге рұқсатты немесе шектеуді растайтын белгі шығады.
1. Ashyq лентасындағы бірінші оқиғаны басыңыз.

2. Бұдан әрі сіздің жағдайыңыз және жасалатын іс-әрекеттер нұсқауы көрсетілген ақпарат парақшасына кіресіз:
Қызыл белгі коронавирус тесті оң нәтиже бергенді білдіреді, ол кісіге қоғамдық орынға баруға болмайды.
Сары – науқаспен байланыста болған тұлғаға беріледі. Пайдаланушыға дәріханаларға және алғашқы қажеттілік тауарларын сататын дүкендерге кіруге рұқсат беріледі.
Көк – науқаспен ешқандай байланыста болмаған адамға беріледі, ол адам ПЦР-тест міндеттелген (мысалы, әуежай) жерлерден басқа, барлық жерлерге емін-еркін кіре алады. 
Жасыл белгі – ПЦР-тесті теріс нәтиже көрсеткен адам, оның жүріп-тұруына толық еркіндік беріледі. 

3. “QR-кодты сканерлеу” баспасын басып, кіруге рұқсатты талап ететін мекеменің QR-ын сканерлеңіз.

4. Уақытша берілетін рұқсат парақшасы ашылады, ол жерде мекеме туралы толық ақпарат, клиент туралы деректер және берілген рұқсаттың қолданылу уақыты көрсетіледі. 

Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушы қайтадан басты парақшаға қайтып келеді. 
Сбербанк клиенттерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіре отырып, жобаның қатысушысы атанды және Ashyq жүйесіне қосылды.  
04 шілде 2021 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930