» » «Ashyq» қосымшасы ашық па?

«Ashyq» қосымшасы ашық па?


Пандемия басталғалы бірқатар шектеуге мәжбүрміз. Әлем бойынша кейбір бизнес түрі сол шектеумен жұмыс істеп, кірісіне үлкен шығын келтіруде. Бұл бізде де бар. Мәселен, отандық бизнестің 13 мыңнан астам субъектісі әлі де жұмысын жандандыра алмауда. Өйткені адам көп уақыт бойы жабық нысанда шоғырланған, көпшілік жиналған жерде вирустың қаупі жоғары. Ал осындай жұмысын шектеуге мәжбүр орынның толық жабылуының алдын алатын, әрі шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.

Алдымен ойға бұл жобаның пайдасы қандай деген сауал оралады. Мұндай сұрақты жолдаушылар да көп. Ендеше Strategy2050 аналитикалық-шолу порталының мәліметіне жүгініп көрелік.
Бірінші кезекте – қауіпсіздік. Қазір кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Дегенмен өзін-өзі оқшалау режимінің бұзылып жататыны да бар. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барады. Солай вирустың таралуына себепші болады. Міне, біз айтып отырған қосымша осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бұл қалай жүзеге асады?
«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану мен Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын анықтауға мүмкіндік береді. Яки оның вирус жұқтырғаны не жұқтырмағанын анықтауға болады. Мәселен, жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және т.б.) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ал мобильді қосымшаны ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық ІТ-компания әзірлеген. Ондағы QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. «Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасамақ.
Айта кеткен жөн, кәсіпкерлер де, азаматтар да қосымшаны қолдануға міндеттелмейді. Қаңтар айының ортасынан бастап пилоттық режимде осы қосымшаны елдегі бірнеше фитнес-клуб, спа-орталық, сауна мен ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.
Қосымшаны қолдану уақытты ала ма? Алдымен нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы керек. Телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ін енгізуі керек. Кіре берістегі кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлейді. Экранда статусы көк, жасыл, қызыл немесе сары түсте көрінеді. Одан соң шыға берісте нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты тағы сканерлейді. Егер келушінің қолында смартфоны болмаса не қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады. Ал жоғарыда айтып өткен статус түсі нені білдіреді?
Жасыл статус – жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді. Мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады. Көк статус – ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ. Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам. Қызыл статус – жүріп-тұрудың шектелгенін, COVID-19-ға оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауын білдіреді.
Бүгінде QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең тараған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар. Сонымен қатар телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсетуі іске қосылып, таңғы 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін қызмет көрсетуі ашық. Егер қосымша кеңінен таралатын болса, басқа арналарды қосу да қарастырылмақ.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ

02 наурыз 2021 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031