» » "Ashyq" қосымшасы қоғамдық орындарға баруда қауіпсіздікті арттырады

"Ashyq" қосымшасы қоғамдық орындарға баруда қауіпсіздікті арттырады




ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» қосымшасын әзірледі

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесіп, карантиндік кезеңде қызметі шектелген бизнес өкілдері (spa-орталықтар, фитнес- орталықтар, кинотеатрлар) арасында пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Енді аталған нысандарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша, өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінетін қатер рейтингін көрсетеді.

Қызыл статус жүріп-тұрудің шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан (мысалға әуежай) басқа жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Осы статустардың көрсетілуі бизнес өкілдеріне карантин уақытында жұмыс істеуге әрі келушілердің өміріне қауіп төндірумеуге мүмкіндік береді. Келушінің қолында смартфоны болмаса қосымшада үйге кіруді басқаратын, келушінің мәртебесін ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар.

Пилоттық жоба болашақта қоғамдық орындарға (сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, мейрамханалар, кафелер, вокзалдар, аэропорттар және т.б.) кіру үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасының таралуын анықтауға жол ашады.

Қазіргі уақытта «Ashyq» мобильді қосымшасын App Store мен Play Market дүкендерінен жүктеуге болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - Қармақшы аудандық бөлімі
22 шілде 2021 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031