» » Жаман әдет жарға жығады

Жаман әдет жарға жығады

Жемқорлық – мемлекетіміздің даму сатысына үлкен апат әкелетін, кедергі келтіретін қоғамдық дерт. Адамдар арасындағы әділдік пен адалдыққа дақ түсіретін бірден-бір жағымсыз фактор. Сыбайлас жемқорлықпен және оның көріністерімен күресіп, алдын алу – барша қоғамның борышы әрі міндеті. Сыбайластыққа жол берілмеуі керек. Елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне зиян шектіретін осыбір жегі құртпен күрес әркез толастаған емес. Соның бірі – сәрсенбіде Қызылорда қаласында өткен «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы.
Кеңес отырысын «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі және облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев жүргізді.
Басқосуда алдымен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар басқармасы бас­шысының орынбасары Жанар Дәулет­баева­ның хабарламасы тыңдалды.
Хабарламада халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүргізу барысында заңдылықты сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алуда бірқатар жұмыстың жүргізіліп жатқанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша сала қызметкерлеріне нұсқаулықтар беріл­гені атап өтілді. Әлеуметтік көмек көрсетуде өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың рәсімдері мен шарттары өзгертіліп, көмекті мұқтаж адамдарға беру, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің күшейтілгені, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға бұрын бірнеше құжат жинау керек болса, қазір ол бір ғана құжат, яғни азаматтардың же­ке куәлікпен жүгінетіні айтылды. Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының ерекшелігі мен оның қожетімділігі жайында да баян етілді.
Сондай-ақ Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал акті­лерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева "Облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек бойынша көрсетілген қызметтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2020-2021 жыл аралығындағы атқарылған жұмыстарының есебін берсе, отырыстың күн тәртібіне сай «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы 2020-2021 жылдары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының бас­ты бағытының бірі. Ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвес­тициялық өсімін төмендететін, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін жат әдет болып саналады. Бүгінгідей бәсекеге қабілетті әлемнің отыз елінің қатарына кіру міндеті тұрған кезеңде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі іс-шаралар қабылдау өте өзекті. Сол себепті де азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру – басты талап әрі еліміздегі сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға септігін тигізетіні сөзсіз, – деді ол хабарлама барысында.
Айта кетерлігі, 2014 жылы ҚР Президентінің №986 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Осыған сәйкес, «Nur Otan» партиясының жұмысы жылдан-жылға жетіліп, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуы арқасында көптеген мәселе оң шешімін табуда. Өткен жылы аудандық филиалда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірнеше кездесу өткізілді. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов денсаулық сақтау саласындағы орта буын қызметкерлерімен басқосу өткізсе, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Айдос Жаналиев емханада жүргізілген жұмыстарға шолу жасады.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің төрағасы Мақсұт Ыбырайханұлы және облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Мұратұлы ауданымызда болып, аудандық филиал жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында аталған кеңестің алдағы жұмыс жоспары талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды.
Партия филиалында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №10 өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылса, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасының қатысуымен "Аудандық полиция бөліміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының барысы туралы" аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция капитаны Алмат Тоқабаевтың хабарламасы тыңдалды. М.Ыбырайханұлы аудан­дық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарға жауап берді.
Партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының жетекшілігімен бірқатар сала және "Қармақшы", "Қуаңдария", «Тұрмағамбет», басқа да бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен онлайн форматта есепті кездесулер өткізілді.
Онда олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстарына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда баста­уыш партия ұйымының мүшелерімен құқықтық оқулар, кездесулер өтіп тұратынын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу – үнемі бақылауда екеніне назар аудартты.
Жемқорлыққа қарсы тұра алатын құқықтық сауатты мемлекет қалыптастыру мен заң талаптарына түсіндірме жүргізу бағытында аудандық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен мекеме қызметкерлері, барлық елді мекен тұрғындармен басқосу, қоғамдық қабылдаулар өткізіліп келеді. Ескере кетерлігі, партия мүшелері арасында жыл көлемінде теріс факті орын алмаған.
Кеңес отырысын оның төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев қорытындылап, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрып, ел игілігінің даму жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

"Қт" ақпарат

28 тамыз 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031