» » Фототілшіге құрмет көрсетті

Фототілшіге құрмет көрсетті


Сыр өңіріндегі фотожурналистиканың дамуына үлес қосқан санаулы мамандардың қатарында «Қармақшы таңы» газетінің фототілшісі Қазбек Тайбағаровтың да есімі аталады. Ол 1999 жылдан бері 90 жылға жуық тарихы бар аудан айнасында фототілші ретінде қызмет атқарып, өңірдің ширек ғасырлық шежіресі мен тыныс-тіршілігін суретпен сөйлетті. Оның мұрағатында сақталған суреттер әр сәт сайын бағасы артатын құнды жәдігерге айналып келеді.
Әріптес іні-қарындастарына ақыл­шы аға, ұжымның ұйытқысы бола білген Қазбек Жаулыбайұлы құрметті зейнеттік демалысқа шықты. Жұма күні аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы фототілшіні арнайы қабылдап, оған сый-құрметін көрсетті.
«Адами қасиетіңіздің, кәсіпке адалдығыңыз бен жоғары жауап­кер­шілігіңіздің арқасында бүгінде құрметке бөленіп, абырой биігінен көрініп отырсыз. Енді бейнеттің зейнетін көріп, отбасыңызбен бірге бақытты да ұзақ ғұмыр кешіңіз» деген тілегін жеткізіп, иығына шапан жапты.
Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов мерейтой иесіне аудан депутаттары атынан құттықтауын жеткізіп, Тайбағаровтар әулеті ауданға белгілі отбасы екенін, Қазбек Жаулыбайұлының жұмысқа жауапкершілігі мен адалдығын атап өтті. «Әуелі газетті қолымызға алғанда суретке көз жүгіртетініміз рас. Бір ғана сурет бүкіл мақаланың мазмұнын ашады. Фототілшінің шеберлігі ерекше сәтті сол қалпы таспаға түсіруінде. Қ.Жаулыбайұлына Қармақшы тарихында қалатын құнды суреттерді сөйлеткені үшін алғысымыз шексіз» деді мәслихат хатшысы өз сөзінде.
Басқосуға қатысқан «Сыр медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев аудан әкіміне фототілшінің еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 20 жылдан аса газетте еңбек еткен маманға зор денсаулық пен отбасына амандық тіледі.
Пайғамбар жасқа жеткен әріптес ағамыз өзіне көрсетілген сый-құрметке қуанып, ұйымдастырушыларға, ұжымға алғысын жаудырды.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ
21 тамыз 2021 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930